Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын»
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
+7 (775) 992-40-33
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының Ақылмандар кеңесінің 2024 жылғы жұмыс есебі

Ақылмандар кеңесі – қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі маңызы жоғары саяси қоғамдық институалдық мазмұндағы, басында ел ағалары тұратын халықтық кеңес, алқалы кеңесші орган болып табылады. Оның құрамына денсаулық сақтау саласында қызмет еткен ардагерлер кіре алады. 16 қазан күні Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында бас дәрігер Еркінтай Аштайұлы Сауранбаевтың, денсаулық сақтау саласының ардагері Төленбек Қамбарбекұлы Саурбаевтың қатысуларымен ЖОЖАА-ның ардагерлер алдында есеп беру жиналысы өтті. Жиналыс барысында қатысушылар-тыңдаушылар арасында сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Негізгі міндеттері: салаға қатысты кеңес беру, ғылыми және клиникалық әлеуетті одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу. Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Е.А.Сауранбаевтың 2024 жыл 8 қаңтардағы √52-ө бұйрығы бойынша аурухананың «Ақылмандар кеңесінің»: 4-ші бөлімшенің меңгерушісі Лиза Ықыласқызы Тургановадан, 2-ші бөлімшенің меңгерушісі Елеусіз Мұғалімұлы Қайынбаевтан, 5-ші бөлімшенің меңгерушісі Мұхтар Орынбайұлы Сержановтан, бактериологиялық зертхананың меңгерушісі Баян Тұрғынқызы Сарсенбаевадан тұратын құрамы бекітіліп, төрайымы сайланды. Аурухананың «Ақылмандар кеңесі» өз жұмысын облыстық «Ақылмандар кеңесінің Ережесін» және Ақылмандар кеңесінің жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып жүргізді.
2024 жылға жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Ақылмандар кеңесі өз жұмысында кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста болып, бірлесе жұмыс жүргізілді. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс жасаған, жаңадан зейнетке шыққан ардагерлер тізімі айқындалып, есепке алынды. Аталған тізім кадрлар бөлімімен бірігіп, жаңартылып отырылады. Медицина қызметкерлері күніне орай, аурухананың ардагерлеріне көңіл бөлініп, кәсіподақ тарапынан сыйлықтар тапсыруға ұсыныс берілді. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Ақылмандар кеңесінің мәжілістеріне қатысу іске асырылды. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына келген жас мамандарға және қызметкерлерге тәлімгерлік кеңестер берілуде. Ақылмандар кеңесінің мүшелері ауруханада өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысып, ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Аталған іс-шаралар әрі қарай жалғастырылатын болады.