Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын»
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
+7 (775) 992-40-33

17 наурыз – «Шаңырақ күні»

Бұл күні Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өткізілді.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналған.
Осы күнге орай, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында мәдениет пен өнерді, ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған іс-шара өткізілді.

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған. Жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Осыған орай, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымының ұйымдастыруымен ауруханада қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жамбыл облысы аумағындағы қызылша індеті туралы

2023 жылы мен 2024 жылғы 14 наурыз айына  облыста қызылша бойынша күдікті 7318 жағдай тіркелді, оның ішінде 4642 жағдайда диагнозы расталды (63,4%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 381,6.
Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 99 110 жағдай тіркелді, оның ішінде 47 871 жағдайда диагнозы расталды (48,3%), көрсеткіші – 239,0.
Қызылша диагнозы расталған 4642 жағдайдың ішінде, 379-сі – қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен  ауыр деңгейінде (8,2%), орташа денгейдегі – 2993 (64,5%), 1270 жеңіл денгейдегі (27,3%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.
2024 жылдың 14 наурыз айына 31 науқас стационарлық ем қабылдауда, оның ішінде 1 жүкті әйел  (3,2 %), 19 балалар (61,3%).
Балалардың ішінен, 0 ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді. Амбулаториялық  емді  61 науқас қабылдауда.
Жалпы төсек жүктемесі – 9,5% (325 төсектің ішінен 31 төсек бос ес,294- бос), балалар төсек жүктемесі –7,3% (260 төсектің 19 төсек бос емес, 241 төсек бос).
Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.
1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақ»: Тараз қ. – 2758 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 618,4).
Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аумақта »:   Байзақ ауд. – 412 жағд. (391,0), Шу ауд. – 366 жағд. (344,6), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2),  Меркі ауд. – 262 жағд. (296,1)
«Жасыл аумақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 172 жағд. (222,5), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5),  Жуалы ауд. – 83/152,2,    Талас ауд. – 74/151,2,  Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. – 12/41,9.
Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша 27,7% төмеңдеді (46 жағ/ 3,78 және 36 жағ/2,96), оның ішінде:Тараз қаласы  бойынша  – 3,8% төмеңдеді (27 жағ/ 6,05 және 26 жағ/ 5,83)
Байзақ ауданы бойынша- 2 жағд төмендеді (6 жағ/ 5,69 және 4 жағ/3,80)
Жамбыл ауданы бойынша – бір деңгейде (4 жағ/5,18 және 4 жағ/5,18)
Жуалы ауданы бойынша – бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Қордай ауданы бойынша– бір деңгейде   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Т Рысқұлов ауданы бойынша- бір деңгейде (0жағ/0 және 0 жағ/0)
Меркі ауданы бойынша –  1 жағд төмендеді (3 жағ/3,39 және 2 жағ/2,26)
Мойынқұм ауданы бойынша –0 жағд  (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Сарысу ауданы бойынша- бір деңгейде   (0 жағ/ 4,53 және 0 жағ/0)
Талас ауданы бойынша- 3 жағд төмендеді  (3 жағ/6,13 және 0 жағ/0)
Шу ауданы бойынша- 3 жағд төмендеді (3 жағ/2,82 және 0 жағ/0,94)
Жас құрамы бойынша қызылша індеті 82,7% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3841 ж), оның ішінде 22,3% – 1 жасқа дейінгі балалар (858ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы-2238/ 58,3%;  15-17 жаста – 2,1% (96ж.), 18 жастан жоғары – 15,2% (705ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.
Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,0% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (2367ж), 20,0% – мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (930ж), 13,4% – оқушылар (621ж) және жұмыссыздар 8,1% (374ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (173ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы – 29 (0,6%).
Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы
Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,3 пайызы екпе алмағандар (4007 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1274 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 970 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 827 жағдай (20,6%). Ошақтағы алдын алу іс-шаралар
Жыл басынан бастап барлығы 44149 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 685 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %) .
Бүгінгі күнге 1566  науқаспен  қарым қатынаста болған тұлғалар, 18 орта мектеп, 11 бала бақша, 2  әскери бөлім 21 күндік медициналық бақылауында
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым қатынаста болған 4174 тұлға екпемен қамтылды .
Қызылшаға қарсы  иммундау жұмысы
2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар – 23159 бала)
– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (98,7%,  жоспар – 24635 бала).
(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 – екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 – уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала
2024 жылдың 2 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 7002 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 3460 бала, оның ішінде 1 жастағы 3408 бала 1-ші вакцинациясын алды (14,1%), көрсеткіш төмен
– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 3542 бала, оның ішінде 6 жастағы 3446 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (14,3%), көрсеткіш төмен.
(1 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 15,8- 16,6%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 393 балалардың себебі, ол 94 – екпеге келісім бермегендер (23,9%), 3 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (0,8%), 62 – уақытша облыста жоқтары (15,8%), 234 – медициналық көрсетілімі бар балалар (59,5%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 0 бала
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.
Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап,  наурыздың 14-ші  күніне  жалпы қамтылғаны – 93 083 тұлға / жоспар – 95 850 /97,1%
(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері:   жоспар – 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 359 429 , қамтылған пайызы- 90,6%).
Оның ішінде:
– 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 8 901 бала (95,7%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);
– 2-3-4 жастағы 56 646 бала (90,8%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);
– 5 876 медицина қызметкерлер (104,2%, жоспар – 5 640 қамтылады);
– 21 660 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (117,0%, жоспар – 18 520)
Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:
–  Тараз қаласы (90,1%) бойынша  орындау пайызы, «қызыл аумақта»;

–   қалған 10 аумақтар – «жасыл аумақта».
ҚҚП вакцинаның қоры
14.03.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 39 004 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар.
Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 13 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.
Жамбыл облысы аумағындағы қызылша індеті бойынша, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін профилактиқалық иммундау,  басқа іс-шараларды жүргізу бойынша өзекті мәселелерді облыстық, аумақтық әкімшіліктердің штабтардың 19 отырыстарында, денсаулық сақтау, білім басқармаларының, санитариялық эпидемиологиялық қадағалау  органдарының 20 отырысында қаралды.
Халықтың арасында денсаулық сақтау, Атамекен, білім, дін, санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлері мен мамандары бірігіп қарқынды үгіт насихат жұмыстары ата аналармен, әсіресе екпеден бас тарткан тұлғалармен жүргізілүде, 1841 дөңгелек стөлдер (отырыстар) мен 4545 жиналыстар білім  мекемелерінде,  мешіттерде өткізілді, халықтың арасында 25 мыңнан астап парақшалар таратылды.
Республикалык, облыстык телеарнасында 11 телебағдармалар, брифингтер өткізілді және 15 сұхбат берілді, облыстағы барлық мекемелерде видеороликтер көрсетілуде, 100 ден астам мақалалар  жергілікті басылымдарда жарияланды.
Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.

14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі

14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып, кешіріледі. Бір-біріне «Бір жасынмен», «Бір жасқа есеюінмен», осы жылға аман-есен жетуінмен деп құшақтасып, жылы лебіздерін білдіреді. Осы мерекеге орай, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері «Амал келді – Жыл келді!» атты Көрісу мейрамын ұйымдастырды.

Жамбыл облысының барлық аудандарына аса қауіпті жұқпалы аурулары

Жамбыл облысының барлық аудандарына аса қауіпті жұқпалы аурулары, болжаулы маусымдық жұқпалы аурулары, жүкті әйелдердегі тұмау, жіті респираторлық, вирустық аурулары, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша ұйымдастыру-әдістемелік, диагностикалық, емдік-тәжірибелік, көмек көрсету мақсатында,
2024 жылдың 11 наурызында Байзақ ауданында Жамбыл облысы бойынша санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарының, бөлім басшысы К.Рахимовтың, Ұлттық сараптама орталығының мамандарының және облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігерлерінің, бактериологиялық зертхананың дәрігерлерінің, мамандарының, бас дәрігерінің орынбасары Т.Шымырбаевтың қатысуларымен ауданаралық кураторлық семинар өткізілді.

Жамбыл облысының барлық аудандарына аса қауіпті жұқпалы аурулары

Жамбыл облысының барлық аудандарына аса қауіпті жұқпалы аурулары, болжаулы маусымдық жұқпалы аурулары, жүкті әйелдердегі тұмау, жіті респираторлық, вирустық аурулары, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша ұйымдастыру-әдістемелік, диагностикалық, емдік-тәжірибелік, көмек көрсету мақсатында,
2024 жылдың 12 наурызында Талас ауданында Жамбыл облысы бойынша санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарының, бөлім басшысы К.К.Рахимовтың, Ұлттық сараптама орталығының мамандарының және облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігерлерінің, бактериологиялық зертхананың дәрігерлерінің, мамандарының, бас дәрігерінің орынбасары Т.Ж.Шымырбаевтың қатысуларымен ауданаралық кураторлық семинар өткізілді.

ШЖҚ РМК «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» 

ШЖҚ РМК «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» (бұдан әрі – ҚДСҰО) «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 қазандағы 2021 жылғы № 725қаулысы) және «Денсаулық сақтау саласында саламатты өмір салтын насихаттау» мемлекеттік тапсырмасын  (№ 25 29.09.2022 ж. келісім-шарт) және 070 «Қоғамдық денсаулық сақтау» бюджеттік бағдарламасының 104 «Саламатты өмір салтын насихаттау» кіші бағдарламасы шеңберінде, халықтың салауатты өмір салтын ұстануын дамыту бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында инфографикалардың 30 түрі мен 12 бейнероликтер әзірледі.

ҚДСҰО ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету үшінмемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген инфографиктер мен бейнероликтерді медициналық мекемелердің дәліздерінде, әлеуметтік желілер беттерінде және медициналық ұйымдардың сайттарында кеңінен тарату үшін ұсынады.

Материалдарды жүктеу сілтемесі:

https://disk.yandex.com/d/kP-R5ihbW1HiaQ

https://cloud.mail.ru/public/usHK/SM8jRg6DJ

Page 6 of 7
1 4 5 6 7