Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын»
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
+7 (775) 992-40-33
Медициналық қызметкерлер күніне орай, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті.

Медициналық қызметкерлер күніне орай, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара кезінде аурухананың бас дәрігері Е.Сауранбаев, бас дәрігердің орынбасарлары С.Нургабылова, Т.Шымырбаев, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Трушева, бас есепші Б.Акжолова, 2-ші бөлімшенің меңгерушісі Е.Каинбаев, серология зертханасының меңгерушісі Ш.Акимов барша медицина саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен және Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Медициналық қызметкерлер күніне орай, денсаулық сақтау саласында атқарған ерекше сіңірген еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Әлназарованың «Құрмет грамотасымен» 2-ші бөлімшенің инфекционист дәрігері А.Досмырзаев марапатталды. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Е.Сауранбаевтың «Құрмет грамотасымен» 1-ші бөлімшенің меңгерушісі А.Тазабекова, дәрігер гепатолог А.Кыздарбеков, клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі М.Нусупалиева, бактериологиялық зертханасының зертхана маманы Л.Джакашева, қаржы есепшісі Н.Понамаренко марапатталды, және оларға гүлдер, бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлердің салалық кәсіптік одағы РҚБ-нің Жамбыл облыстық филалының төрайымы Г.Момбекованың «Құрмет грамотасымен» аурухананың бас мейіргері Г.Молдахметова және дәрімен қамтамасыз ету жөніндегі мейіргері Ж.Кулибаева марапатталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Оспанованың «Алғыс хатымен» диетбике Ж.Абирбекова марапатталды. Арнайы шақырылған аурухананың денсаулық сақтау ардагері Ф.Сулейманованы мерекемен құттықтады. Және оларға гүлдер, бағалы сыйлықтар табысталды. Құттықтаудан кейін аурухананың өнерпазы Әлішер ән шырқап, ақ халатты абзал жандардың мерекелік көңіл күйлерін көтерді.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ