Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын»
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
+7 (775) 992-40-33

Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына конкурс жариялайды.

КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ: «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

         ОРНАЛАСҚАН  ЖЕРІ: 080011,  Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза көшесі №153 үй., ақпарат үшін телефон: 8(7262)45-88-88, ұялы телефон 87001383971, электрондық пошта:  joib.taraz@mail.ru

КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ:

Жамбыл облысы бойынша жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету, сондай-ақ ересектер мен балаларға стационарлық және стационарлық алмастыратын медициналық көмек көрсету арқылы жұқпалы паразитарлық аурулармен ауыратын науқастарды профилактикалау, оқшаулау, тексеру және емдеу.

КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.

Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісім шарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);

немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ:

Білу керек, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы; қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындаға уәкілетті органының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) интернет-ресурстарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік  15 (он бес) күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады:  080011, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза көшесі №153 үй., ақпарат үшін телефон: 8(7262)45-88-88, ұялы телефон 87001383971, электрондық пошта:  joib.taraz@mail.ru

Тізімге сәйкес құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
  2. Еркін нысанда жазылған өмірбаян.
  3. Білімі туралы құжаттардың көшірмеслері.
  4. Еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат.
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075-е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түп нұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

КОНКУРСТЫҢ ӨТЕТІН КҮНІ: конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

          КОНКУРСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ: 080011,  Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза  көшесі №153 үй.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Осы бос лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге жеңілдіктер берілмейді.

Хабарландыру!

«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы маусым айының 01-30 күндері аралығында «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

12 мамыр — Халықаралық мейіргерлер күні

«12 мамыр — Халықаралық мейіргерлер күніне» орай, ауруханада аталып өткен мереке күнінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігердің м.а. Нургабылова С.К. және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ-ның төрайымы Момбекова Г.А. ұжымдағы бөлімшелердің мейіргерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтап, еселі еңбектері үшін марапаттады.
Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ-ның төрағасы С.Дүйсеновтың Құрмет грамотасымен орталықтандырылған стерилизация бөлімшенің мейірбикесі Жолтаева К.К. және Алғыс хатымен 5-ші терапия бөлімшенің мейірбикесі Хегай И.А. марапатталды, және де қабылдау бөлімшенің мейірбикесі Ибраимова А.М., рентген зертханашысы Есимов Г.М., 2-ші респираторлық жұқпалы аурулар бөлімшенің мейірбикесі Удерова К., 3-ші ауа тамшы жұқпалы аурулар бөлімшенің аға мейірбикесі Канлибаева Л.Ж., 5-ші терапия бөлімшенің аға мейірбикесі Абдалимова Н.Т. ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Ұлт саулығын қорғауға қосқан елеулі үлесі мен кәсіптік қызметіндегі көрсеткіштері үшін Халықаралық мейірбике күніне орай, «Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» ҚБ төрайымы Ж.Н.Сарыбекованың Құрмет грамотасымен жансақтау бөлімшесінің аға мейірбикесі Джаманкулова А.С., Алғыс хатымен инфекциялық бақылау мейірбикесі Орманалиева Ш.М. және төсбелгісімен 2-ші респираторлық жұқпалы аурулар бөлімшесінің мейірбикесі Абдулдаева Г.А. марапатталды. Сондай-ақ, мереке күнінде мейіргерлер арасында облыстық кәсіби байқауға қатысқан 3-ші орынды жеңіп алған жансақтау бөлімшесінің мейірбикесі Елубай А.А. қол сағатпен марапатталды.

5 мамыр — Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне орай, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері флешмоб өткізді.

Қолдың тазалығы – денсаулықтың кепілі, бұл вирустар мен бактериялардан қорғау ғана емес, сонымен қатар олардың таралуын болдырмайды.
Қол гигиенасын сақтау – медициналық көмекке байланысты инфекциялардың таралуын болдырмаудың оңтайлы тәсілі.
Қол гигиенасына қолды сабынмен жуу, қолға антисептик себу, қолды дезинфекциялық құралдармен немесе антисептикалық гельдермен өңдеу жатады.
Қолыңызды тазалықта ұстаңыз! Деніңіз сау болсын!

Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға мақсатында, семинар ұйымдастырып өткізілуде

Жамбыл обаға қарсы күрес станциясының 2025 жылғы жылдық  жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің  Жамбыл обаға қарсы күрес станциясының 2025 жылғы «07» наурыздағы №50/184-Ө/163 біріккен бұйрығы негізінде, 2025 жылдың 11 наурызы  — 11 сәуір аралығында денсаулық сақтау объектілерінде «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға мақсатында,   семинар ұйымдастырып өткізілуде.

Семинарға  денсаулық сақтау объектілерінің бас дәрігерлері, дәрігерлер мен  дәрігер — эпидемиолог мамандар,  орта буынды медициналық қызметкерлер мен  басқа да қызметкерлер қатысты.

Жамбыл обаға қарсы күрес станциясының қызметкерлері: «Оба, тырысқақ ауруларының алдын алу», «Биологиялық қауіпсіздік»,  «Қауіпті бактериялық, вирустық, контагиозды инфекциялармен ауыратын науқастардан материалды алу, буып-түю  және тасымалдау  ережелері» тақырыптары бойынша  баяндамалар жасалды.

Семинарға денсаулық сақтау объектілерінің бас дәрігерлері, эпидемиологиялық сұрақтар бойынша дәрігер орынбасарлары мен  дәрігер – эпидемиологтар сөз сөйлеп, халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Оба тырысқақ ауруларының өзектілігін,  инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық –эпидемияға қарсы  профилактикалық іс шараларды  ұйымдастыру мен өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында медициналық мекемелердің қызметкерлеріне
І типтегі обаға қарсы қолданылатын костюмдерді қолдану, обаға қарсы қорғаныш киімін киіп-шешу тәртібі бойынша нұсқаулықтармен таныстырылып, жаттығу сабақтары өткізілді және медициналық қызметкерлерге консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілді. Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бойынша дәріс өткізілді, оба, тырысқақ ауруына күдікті науқас тіркелген кезде, науқастардан сынамалар алу және тасымалдау тәртібі бойынша нұсқаулық өткізілді.

Медициналық мекемелердің қызметкерлеріне семинар, нұсқау, жаттығу сабақтарын және кеңес –әдістемелік көмек көрсету бойынша іс шаралар жүргізу  жалғасуда.

2025 жылдың 11 – 18 аралығында қамтылған денсаулық сақтау объектілері:

  1. Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы;
  2. Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы;
  3. Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансері;
  4. Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы;
  5. Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы;
  6. Облыстық балалар «Аяла» оңалту орталығы;
  7. Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы;
  8. Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы;
  9. Жамбыл облыстық жұқтырған иммун синдромның алдын алу және онымен күрес жүргізу  орталығы;
  10. Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы;

Жатыр мойны обыры мен басқада қатерлі ісіктерді алдың алу мақсатында, 11, 12, 13 жастағы қыздарды адам папиллома вирусына қарсы 1 тур екпесімен иммундау бойынша

2024 жылы қазақстандық екпе күнтізбесіне АПВ-ға қарсы вакцинациясы  енгізіліп, елімізде қыркүйек айынан екпе жұмысы басталды .

АПВ-ға қарсы вакциналар — қазақстандық әйелдерді жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуынан қорғаудың қазіргі және барынша тиімді (тиімділіктің 95%-ға жуығы) тәсілі.

2024 ж желтоқсан айының 20 күніне жалпы елімізде  11,12,13 жастағы  98 107 қыздар АПВ-ға қарсы 1 тур екпесімен  қамтылды, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша 8660 қыздар егілді. Екпемен байланысты асқынулар тіркелген жоқ.

Жалпы облыс бойынша 11 жастағы 11471 қыздар АПВ-ға қарсы вакцинациямен қамтуға жоспарлануда.

Облыс бойынша АПВ-ға қарсы вакцинация мектептердегі және медицина мекемелердің 281 екпе пункттарында 2838 арнайы дайындалған медициналық қызметкерлермен атқарылуда.

АПВ-ға қарсы вакцинациясына Гардасил вакцинамен барлық медициналық пункттер толық қамтылған.

АПВ-ға қарсы вакцинация жұмысы жалғасуда.

Жатыр мойны обыры мен басқада қатерлі ісіктердің себебі –  АПВ — адам папиллома вирусы. Бұл — адамның ауыз қуысы мен жыныс мүшелерінің тері жабындары мен шырышты қабықтарын зақымдайтын туыстас вирустардың 200-ден астам түрі. Көп жағдайда бұл инфекция 2-3 жылдан кейін өздігінен кетеді және көбінесе ешқандай симптомсыз адамға байқалмай өтеді. Кейбір жағдайларда, онкогендік АПВ түрлері денеде қалып қойса, бұл әртүрлі ағзаның қатерлі ісігіне әкеледі. Ең алдымен, жатыр мойны обырына әкеледі.

100% жағдайда жатыр мойны обырының туындауына онкогендік АПВ түрлері себеп болады (6, 16, 18, 31, 33, 45, 52 және 58 түрлері).

Қатерлі ісікке дейінгі зақымданулар мен жатыр мойнының қатерлі ісіктердің 70% жағдайда  адам папилломасы вирусының 2 түрі ((HPV): 16, 18) шақырады.

Жатыр мойны обыры ұзақ преинвазивтік кезеңде баяу және ерекше жергілікті өсумен ерекшеленеді, яғни ерте кезеңде тек тұрақты скринингтер арқылы ғана оны анықтауға болады. Қазақстанда мұндай скрининг ПАП-тест (Папаниколау әдісі бойынша жағындыны цитологиялық зерттеу) арқылы жүргізіледі, 30 жастан бастап барлық әйелдерге әр 4 жыл сайын ПАП-тестіден өту ұсынылады. Мұны тіркелген жері бойынша емханада жасауға болады. АПВ-ға қарсы екпе жасау жатыр мойны обырымен күресудің профилактикалық әдісі болу керек және сырқаттанушылық статистикасын азайту қажет.

Онкогендік АПВ түрлері себеп болатын аурулардың арасында ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің, тік ішектің, бастың және мойынның обыры да кездеседі.

Негізгі қауіп — АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың көбіне кеш диагноз қойылатындығы, мысалы, ауыз-жұтқыншақ обырының шамамен 70%-на диагноз кеш қойылады.

 Скринингтік бағдарламалармен бірге АПВ-ға қарсы  екпесі елдердегі жатыр мойны обыры ауруын және жатыр мойны обырынан болатын өлімді айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

Сондықтан, АПВ-ға қарсы  екпені қызыңызға жасатуға және уақытылы скрининг тексерілуге  шақырамыз.

    Сіз, ата ана ретінде,  балаңыздың денсаулығына жауапты екеніңізді ұмытпаңыз !

 

Менингококк инфекциясы бойынша санитарлық-профилактикалық іс шаралар жүргізу

06.12.2024ж. күні Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында «Менингококк инфекциясы бойынша санитарлық-профилактикалық
іс шаралар жүргізу» тақырыбында дәрігерлік кеңес өткізілді. Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының  1 және 3-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №5 Қаулысы негізінде аурухананың бас дәрігері Е.А Сауранбаев: бас дәрігердің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары  С.К.Нургабыловаға және эпидемиолог дәрігері Б.А.Кенесбаевқа ауруханада менингококк инфекциясымен ауыру (күдік) жағдайларын уақытылы анықтауды, тіркеуді және шұғыл хабарламаларды беруді, медициналық ұйымдардың науқастарды қабылдауға және оларға жедел мамандандырылған көмек көрсетуге дайындығын, сондай-ақ, менингококк инфекциясымен ауыратын науқастармен байланыста болған медицина қызметкерлері күнтізбелік 10 күн бойы медициналық бақылауға алуын тапсырды. Менингококк инфекциясымен ауыратын науқастарды және тасымалдаушылықтарды белсенді анықтау мақсатында назофарингитпен ауыратын науқастарды менингококк инфекциясына тексеруді тасымалдаушылық анықталған кезде олардың санациясын қамтамасыз етуді, аурухананың инфекционист дәрігерлерімен бірлесіп педиатрларға, терапевтерге және жедел медициналық көмек мамандарына менингококк инфекциясының диагностикасы, клиникасы, емдеу, эпидемиологиясы және профилактикасы мәселелері бойынша семинарлар өткізуді, бактериологиялық зертханасының меңгерушісі Б.Т.Сарсенбаеваға менингококк инфекциясымен ауыратын науқастардан сынама зерттеулер жүргізуді және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша медбикесі Ж.Ы.Кулибаеваға менингококк инфекциясына күдікті науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді бұйырды.

Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері мен жұмыскерлері арасындағы «Терроризмге қарсы күрес» және «Өрт қауіпсіздігі» талаптарына сай өткізілген емтихан туралы ақпарат

25.11.2024ж.- 29.11.2024ж. аралығында Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері мен жұмыскерлеріне жылдық жоспарына сәйкес, «Терроризмге қарсы күрес» және «Өрт қауіпсіздігі» талаптарына сай білімді тексеру мақсатында емтихан өткізілді. Бір апта аралығындағы емтиханда аурухана қызметкерлері мен жұмыскерлері өздерінің білімдерін анықтады. Олар дайындалған билет сұрақтарына өте сауатты жауаптар берілді, комиссия құрамына емтиханға жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетті. Комиссия тарапынан берген жауаптарына сәйкес, «өте жақсы» және «жақсы» деген бағалармен бағаланды.

Адам папиллома вирусына қарсы 11 жастағы қыздарды вакцинациялау»

АПВ-ға қарсы вакцинаны қазақстандық кестеге алғаш енгізу әрекеті 2013 жылы болды.

2024 жылы қазақстандық екпе күнтізбесіне АПВ-ға қарсы вакцинациясы  енгізіліп, қыркүйек айынан екпе жұмысы басталды .

АПВ-ға қарсы вакциналар — қазақстандық әйелдерді жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуынан қорғаудың қазіргі және барынша тиімді (тиімділіктің 95%-ға жуығы) тәсілі.

2024 ж қараша айының 28 күніне жалпы елімізде АПВ-ға қарсы 1 тур екпесімен  60 мыңнан астам 11,12,13 жастағы қыздар қамтылды, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша 7254 қыздар егілді. Екпемен байланысты асқынулар тіркелген жоқ.

Жалпы облыс бойынша 11 жастағы 11471 қыздар АПВ-ға қарсы вакцинациямен қамтуға жоспарлануда.

Облыс бойынша АПВ-ға қарсы вакцинация мектептердегі және медицина мекемелердің 281 екпе пункттарында 2838 арнайы дайындалған медициналық қызметкерлермен атқарылуда.

АПВ-ға қарсы вакцинациясына Гардасил вакцинамен барлық медициналық пункттер толық қамтылған.

АПВ-ға қарсы вакцинация жұмысы жалғасуда.

Жатыр мойны обыры —  әлемде әйелдер арасында қатерлі ісіктердің таралуы бойынша 4 орында.

Адам папиллома вирусы негізінен жыныстық қатынас және тұрмыстық қатынас арқылы таралатын өте кең таралған вирус. Кейде вирустың белгілері қатерлі ісікке айналады. Папилломамен күресудің ең жақсы тәсілі-оның алдын алу.

Қазір әлемде жыл сайын 600 мыңнан астам жаңа ЖМО жағдайлары және осы аурудан 340 мың адам қайтыс болады. Әлемде екі минут сайын 1 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады.

Жатыр мойны обыры (ЖМО) — алдын алуға болатын жалғыз онкологиялық ауру. Қатерлі ісіктің бұл түрінің себебі көп жағдайда жыныстық және тұрмыстық қатынас жолмен берілетін адам папилломавирусы (HPV) болып табылады.

Адам папиллоамасы вирусына қарсы вакцинация әлемде 2006 жылдан бастап жүргізіледі. Қазіргі таңда дүинежүзінің 100 ден астам мемлекетінің ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген, оның ішінде Австралия, Бельгия, Канада, Германия, Жапония, Бразилия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция, Испания, Швейцария, Ұлыбритания және АҚШ-та қолданылады.

Австралия адам папилломасы вирусына қарсы вакцинасы енгізілген алғашқы елдердің бірі, ол елде жатыр мойны обырының жиілігі шамамен 3 есе төмендеді.

АҚШ елінде папиллома вирусына қарсы вакцинацияны мектептегі вакцинация бағдарламасына енгізе отырып,  ісікке дейінгі жағдайлардың шамамен 90% төмендегенін хабарлады.

Канада елінде вакцинаның әсерін бағалау кезінде, вакцинацияланған 15 – 17 жас топтары арасында қатерлі ісікке дейінгі зақымданулардың  жиілігі 69% төмендеген.

Вакцинациямен 50% — дан астамы қамтылған елдерде әйелдердің адам папилломасы вирусымен зақымдануы 68% төмендеді.

Ұлыбританияда 15 жыл бұрын жасөспірімдерді адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау бағдарламасы басталды. Ғалымдар вакцина жатыр мойны обыры мен жасушалардағы қатерлі ісікке дейінгі өзгерістердің алдын алуда тиімді екенін хабарлады. Атап айтқанда, 14-16 жаста вакцинацияланған әйелдерде ісікке дейінгі зақымданулардың қаупі 75% — ға, ал 16-18 жаста вакцинацияланғандар арасында 39% — ға төмендеді. Ал 14-16 жаста вакцинацияланғандарда жатыр мойны обырының даму қаупі 62% — ға, ал 16-18 жаста вакцинацияланғандарда 34% — ға төмендеген.

АПВ-ға қарсы вакцина, ең алдымен, әйелдердің репродуктивті (ұрпақты болу) денсаулығы мен өмірін қорғау үшін ойлап табылған. АПВ-ға қарсы вакциналар ұзақ мерзімді сынақтардан өткен

Жатыр мойны обырының себебі –  АПВ — адам папиллома вирусы. Бұл — адамның ауыз қуысы мен жыныс мүшелерінің тері жабындары мен шырышты қабықтарын зақымдайтын туыстас вирустардың 200-ден астам түрі. Көп жағдайда бұл инфекция 2-3 жылдан кейін өздігінен кетеді және көбінесе ешқандай симптомсыз адамға байқалмай өтеді. Кейбір жағдайларда, онкогендік АПВ түрлері денеде қалып қойса, бұл әртүрлі ағзаның қатерлі ісігіне әкеледі. Ең алдымен, жатыр мойны обырына әкеледі.

100% жағдайда жатыр мойны обырының туындауына онкогендік АПВ түрлері себеп болады (6, 16, 18, 31, 33, 45, 52 және 58 түрлері).

Қатерлі ісікке дейінгі зақымданулар мен жатыр мойнының қатерлі ісіктердің 70% жағдайда  адам папилломасы вирусының 2 түрі ((HPV): 16, 18) шақырады.

Қазақстанда әйелдер арасында онкологиялық аурулар статистикасы бойынша жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр.

Жыл сайын Қазақстанда жаңа 1700-ге жуық жатыр мойны обыры ауруы және осы аурудан 600-ге жуық қайтыс болу жағдайы тіркеледі.

Жатыр мойны обыры ұзақ преинвазивтік кезеңде баяу және ерекше жергілікті өсумен ерекшеленеді, яғни ерте кезеңде тек тұрақты скринингтер арқылы ғана оны анықтауға болады. Қазақстанда мұндай скрининг ПАП-тест (Папаниколау әдісі бойынша жағындыны цитологиялық зерттеу) арқылы жүргізіледі, 30 жастан бастап барлық әйелдерге әр 4 жыл сайын ПАП-тестіден өту ұсынылады. Мұны тіркелген жері бойынша емханада жасауға болады. АПВ-ға қарсы екпе жасау жатыр мойны обырымен күресудің профилактикалық әдісі болу керек және сырқаттанушылық статистикасын азайту қажет.

Онкогендік АПВ түрлері себеп болатын аурулардың арасында ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің, тік ішектің, бастың және мойынның обыры да кездеседі.

Негізгі қауіп — АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың көбіне кеш диагноз қойылатындығы, мысалы, ауыз-жұтқыншақ обырының шамамен 70%-на диагноз кеш қойылады.

 Скринингтік бағдарламалармен бірге АПВ-ға қарсы  екпесі елдердегі жатыр мойны обыры ауруын және жатыр мойны обырынан болатын өлімді айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

Сондықтан, АПВ-ға қарсы  екпені қызыңызға жасатуға және уақытылы скрининг тексерілуге  шақырамыз.

    Сіз, ата ана ретінде,  балаңыздың денсаулығына жауапты екеніңізді ұмытпаңыз !

Page 1 of 8
1 2 3 8