Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын»
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
+7 (775) 992-40-33

Менингококк инфекциясының сырқаттанушылығы, алдын алу туралы

Қазақстан Республикасында менингококк инфекциясымен (бұдан әрі — МИ) сырқаттанушылықтың көп жылдық динамикасының деректері бойынша     төмендеу жылдары мен көтерілу жылдары ауысып отыратын циклдік сипатта болады.

Қазіргі уақытта республикада сырқаттанушылықтың өсуі байқалуда, 2024 жылдың 10 айында өткен жылмен салыстырғанда МИ жағдайларының тіркелуі 2,16 еседен асады. Биылғы жылы, менингококк инфекция диагнозы дәлелделген  70 жағдайы тіркеліп, көрсеткіші-0,35 болды (2023 ж – 41 жағдай, көрсеткіш – 0,2).

Өткен жылмен салыстырғанда жас құрылымын талдау кезінде аурудың анағұрлым кіші жас топтарына ауысқаны байқалады. Мәселен, егер 2023 жылы көбіне жасөспірімдер ауырса (үлес салмағы 36,6%, 15 жағ.), содан кейін 2024 жылдың 10 айында науқастардың негізгі үлесі 1-4 жас аралығындағы балалар — 25 жағ. (35,7%).

Тиісінше, кәсіби құрамы бойынша ұйымдастырылмаған балалардың үлесі басым — 40% (28 жағ.), оқушылар арасында -18,6% (13 жағ.), ұйымдасқан балалар арасында -17% (12 жағ.).

Бұл факт өлім-жітімнің жас ерекшелігімен расталады. 2024 жылдың өткен кезеңінде Қазақстан Республикасында 14 жасқа дейінгі балалар арасында (1,5 ай, 1 жыл, 2 жыл, 5 жыл, 12 жыл) өліммен аяқталған 5 жағдай тіркелді. Өлім жағдайларын талдау кезінде анықталғаны, науқастар кеш медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға ауыр түрде келіп түскен.

Жамбыл облысы бойынша  МИ жағдайлары тіркелуі және сырқаттанушылықтың  өсуіде  байқалуда, өлім жағдайы тіркелген жоқ.

2024 жылдың 10 айында өткен жылмен салыстырғанда менингококк инфекциясының    Жамбыл ауданында  1 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында  тіркелді (2023 ж – 1 жағдай, көрсеткіш – 0,08);

ірінді менингитінің  4 жағдайы/0,33 — 14 жасқа дейінгі балалар арасында  Сарысу ( 2 ж.), Жамбыл (1 ж.) , Жуалы (1 ж.) аудандарында тіркелді (2023 ж – 3 жағдай, көрсеткіш – 0,25);

сероздық менингитінің  Тараз қаласында  1 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында  тіркелді (2023 ж – 1 жағдай, көрсеткіш – 0,08).

МИ-ның асқынған жағдайларының тіркелуіне жол бермеу, сондай-ақ эпидемияға қарсы уақтылы шаралар қабылдау мақсатында облыстағы  медицина мекемелерінде алдын ала іс шаралар атқарылуда,ол :

— Жедел жәрдем станциясының, амбулаториялық-емханалық қызметінің медицина қызметкерлерін, стационарлардың қабылдау бөлмесінің дәрігерлерін, анестезиолог-реаниматолог (ересектер, балалар) дәрігерлерді, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындаңы медицина қызметкерлерін МИ дифференциалды диагностикасының ерекшеліктеріне, қазіргі жағдайдағы МИ ағымына, ағымның ауырлығына оқыту жұмыстары;

— назофарингит, ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастар жүгінген кезде амбулаториялық қабылдау кезінде медицина қызметкерлерінің сақтығын күшейтуі;

— тұрғындармен, жас аналармен МИ-на қатысты сақтық шаралары туралы, жедел медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуі;

— менингококк инфекциясына күдікті науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша ЖМКҚ бригадаларын дәрілік препараттармен жарақтандыруды қамтамасыз етуі;

— менингококк инфекциясына күдікті пациенттерді зертханалық тексеруі.

Менингит — бұл жұқпалы ауру, ми мен жұлын қабығының қабынуы.

Менингиттің негізгі түрлері: серозды және іріңді. Олар аурудың ауырлығы мен салдары бойынша өте ерекшеленеді.

Аурудың инкубациялық кезеңі 2-ден 10 күнге дейін.

Менингиттің қоздырғыштары вирустық, бактериялық және саңырауқұлақ инфекциялары болып табылады.

Белгілері: Менингит белгілері тез дамиды және оларды анықтау оңай: температураның 40 градусқа дейін көтерілуі, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, жалпы әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы мен қатты құсу пайда болады («субұрқақ тәрізді»). Науқас қатты дыбыстардан және жарқын жарықтан зардап шегеді, басын кеудеге қарай еңкейтіп, аяқтарын тізеден жазған кезде қатты ауырсынуды сезінеді. Өз жағдайын жеңілдету үшін науқас бүйіріне жатып, басын қатты артқа шалқайтып, қолдарын кеудесіне қысады, ал аяқтарын тізесіне бүгіп, ішіне қарай қысады. Көбінесе денеде бөртпе пайда болады. Суық тию сияқты мұрын бітуі және тамақ ауруы, өкпенің қабынуы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, сілекей бездерінің жұмысы бұзылуы болуы мүмкін.

Балалардағы менингит белгілері ересек адаммен бірдей, бірақ қосымша белгілер болуы мүмкін: диарея және тамақты қайта құсу, ұйқышылдық, апатия және әлсіздік, үнемі жылау және тәбеттің төмендеуі, үлкен еңбек аймағындағы ісік.

Уақытылы көмек көрсетілмесе, адам комаға түсіп, өлуі мүмкін. Сондықтан, науқасқа медициналық көмекке шұғыл түрде жүгіну қажет! Науқас инфекциялық ауруханаға оқшаланып жеке бокскқа жатқызылады

                       Менингиттің алдын алу шаралары:

Екпе алу; жеке гигиенаны сақтау; менингитпен ауыратын адамдармен қарым-қатынасты болдырмау; тұмау эпидемиясы және басқа жұқпалы аурулар кезінде бір реттік медициналық маска кию; тамақ ішер алдында, көлік пен қоғамдық орындардан кейін қолыңызды жуу; шикі су ішпеу; иммунитетті нығайту.

Ауруханада орта және кіші буын медицина қызметкерлері арасында аттестация жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы ҚР ДСМ-96/2020 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы және «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы ҚР ДСМ-151 бұйрықтары негізінде, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында орта және кіші буын медицина қызметкерлері арасында қол жуу алгоритмі, санитарлық дезинфекциялау режимі және аурухана ішілік инфекциясының алдын алу жөнінде аттестация жүргізілді. Аттестация жүргізуге төмендегі қызметкер жауапты болып тағайындалды:
1. Нургабылова С.К. — бас дәрігердің медициналық жұмыстары жөніндегі орынбасары;
2. Шымырбаев Т.Ж. — бас дәрігердің медициналық қызмет сапасын бақылау және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары;
3. Кеңесбаев Б.А. — эпидемиолог-дәрігер;
4. Молдахметова Г.Н. — бас медбике;
5. Орманалиева Ш.М. — инфекциялық бақылау медбикесі.

25 қазан «Республика күні» ұлттық мерекесіне орай

25 қазан «Республика күні» ұлттық мерекесіне орай, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мәжіліс залында мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Жиын кезінде аурухананың бас дәрігері Е.А.Сауранбаев барша қызметкерлерді мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Республика күніне орай, медицина саласын дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлестері және қоғамдық өміріне белсене қатысқандары үшін аурухананың бас дәрігері Е.А.Сауранбаевтың «Құрмет грамотасымен» және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.У.Трушеваның сыйлықтарымен аурухананың қызметкерлері: Толбаева Д.Н., Танниязова Н.К., Савельева Я.Р., Бапахова А.К., Амиргалиева Г.Н., Бекбосынова А.Ж., Кожагулова Ж.А., Таттибаева Г.Б., Мурсалова Н.Н., Казымова А.К. марапатталды.
Жамбыл облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиевтың «Құрмет грамотасымен» Шымырбаев Т.Ж. марапатталды. Облыс әкімі Е.Ш.Қарашөкеевтің «Құрмет грамотасымен» Керимбекова Э.Ж. марапатталды.
Республика күніне орай, денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Әлназарованың «Алғыс хатымен» Сәрсенбаева Б.Т. және Кононенко Д.О. марапатталды.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.М.Оспанованың «Алғыс хатымен» Бурибасов Ж.А. марапатталды.

сейсмикалық оқу-жаттығу

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті және облыс әкімі Е.Қарашөкеевпен бекітілген «Жамбыл облысы аумағында «Жер –2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуге дайындық және өткізу іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2024 жылдың 18 қазанында сағат 11.00-де Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының Ақылмандар кеңесінің 2024 жылғы жұмыс есебі

Ақылмандар кеңесі — қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі маңызы жоғары саяси қоғамдық институалдық мазмұндағы, басында ел ағалары тұратын халықтық кеңес, алқалы кеңесші орган болып табылады. Оның құрамына денсаулық сақтау саласында қызмет еткен ардагерлер кіре алады. 16 қазан күні Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында бас дәрігер Еркінтай Аштайұлы Сауранбаевтың, денсаулық сақтау саласының ардагері Төленбек Қамбарбекұлы Саурбаевтың қатысуларымен ЖОЖАА-ның ардагерлер алдында есеп беру жиналысы өтті. Жиналыс барысында қатысушылар-тыңдаушылар арасында сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Негізгі міндеттері: салаға қатысты кеңес беру, ғылыми және клиникалық әлеуетті одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу. Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Е.А.Сауранбаевтың 2024 жыл 8 қаңтардағы √52-ө бұйрығы бойынша аурухананың «Ақылмандар кеңесінің»: 4-ші бөлімшенің меңгерушісі Лиза Ықыласқызы Тургановадан, 2-ші бөлімшенің меңгерушісі Елеусіз Мұғалімұлы Қайынбаевтан, 5-ші бөлімшенің меңгерушісі Мұхтар Орынбайұлы Сержановтан, бактериологиялық зертхананың меңгерушісі Баян Тұрғынқызы Сарсенбаевадан тұратын құрамы бекітіліп, төрайымы сайланды. Аурухананың «Ақылмандар кеңесі» өз жұмысын облыстық «Ақылмандар кеңесінің Ережесін» және Ақылмандар кеңесінің жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып жүргізді.
2024 жылға жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Ақылмандар кеңесі өз жұмысында кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста болып, бірлесе жұмыс жүргізілді. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс жасаған, жаңадан зейнетке шыққан ардагерлер тізімі айқындалып, есепке алынды. Аталған тізім кадрлар бөлімімен бірігіп, жаңартылып отырылады. Медицина қызметкерлері күніне орай, аурухананың ардагерлеріне көңіл бөлініп, кәсіподақ тарапынан сыйлықтар тапсыруға ұсыныс берілді. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Ақылмандар кеңесінің мәжілістеріне қатысу іске асырылды. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына келген жас мамандарға және қызметкерлерге тәлімгерлік кеңестер берілуде. Ақылмандар кеңесінің мүшелері ауруханада өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысып, ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Аталған іс-шаралар әрі қарай жалғастырылатын болады.

17.09.2024 ж. күні Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында Тараз қалалық мәслихатының депутаты Саурықов Нұрлан Байұзақұлының

17.09.2024 ж. күні Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында Тараз қалалық мәслихатының депутаты Саурықов Нұрлан Байұзақұлының, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ «Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасының меңгерушісі Омарова Алия Жанадиловнаның, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ  «Стандарттау және ветеринария» кафедрасының профессор ассистенті, тех.ғ.к. Шымыр Жәлел Абдразақұлының қатысуларымен  «Қазақстанда АЭС салу» туралы жалпыұлттық референдумға дайындық барысында  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тараз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №2419 қаулысына сәйкес 7-ші қыркүйек пен 7 қараша аралығында қала аумағында санитарлық тазалық жөнінде екі айлығы жарияланды.

Тараз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №2419 қаулысына сәйкес 7-ші қыркүйек пен 7 қараша аралығында қала аумағында санитарлық тазалық жөнінде екі айлығы жарияланды. Осыған орай, 14-ші қыркүйек күні Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қала аумағында абаттандыру жəне санитарлық тазалау жөнінде сенбілік өткізілді. Сенбілік кезінде аурухананың қызметкерлері бекітілген тиісті аумақта Шерхан Мұртаза көшесінде күл-қоқыстарды шығару, тал түптерін, талдардан түскен жапырақтарды тазалау, арықтар жүйелерін тазарту, санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде арнайы автокөлікпен, техникамен шығару жұмыстарын жүргізді.

Президент Жолдауы

Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен ыждағатпен тыңдады. Жолдауда айтылған еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты қамтылған мәселелерін бірауыздан қолдады.

Конституция күні аталып өтті.

Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне» арналған мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиын мемлекеттік гимнмен басталды. Аурухананың бас дәрігері Еркінтай Сауранбаев барша қызметкерлерді Конституция күнімен құттықтады. Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, денсаулық сақтау саласында аурухананың дамуына үлес қосып жүрген Рахат Турабекова, Раиса Сейдибалиева, Сергей Чесноков, Ерік Жазылханұлы бастауыш кәсіподақ ұйымының Құрмет Грамотасымен және сыйлықтармен марапатталды.

Page 2 of 8
1 2 3 4 8