Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын»
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
+7 (775) 992-40-33
19 наурыз – «Жаңару» күні

«Жаңару» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл күні Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында сөзбе-сөз мағынада да, қоғамдық-саяси тұрғыда да «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Отырғызылған көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар бен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелейді.