2023 жылы мен 2024 жылғы 02 сәуір айына облыста қызылша бойынша күдікті 7418 жағдай тіркелді, оның ішінде 4688 жағдайда диагнозы расталды (63,2%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 385,4.
Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 101 864 жағдай тіркелді, оның ішінде 49 436 жағдайда диагнозы расталды (48,5%), көрсеткіші – 246,8.
Қызылша диагнозы расталған 4688 жағдайдың ішінде, 379-сі – қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен ауыр деңгейінде (8,1%), орташа денгейдегі – 3017 (64,3%), 1292 жеңіл денгейдегі (27,6%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.
2024 жылдың 02 сәуір айына 6 науқас стационарлық ем қабылдауда, оның ішінде 0 жүкті әйел (0 %), 5 балалар (83,3%).
Балалардың ішінен, ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді. Амбулаториялық емді 5 науқас қабылдауда.
Жалпы төсек жүктемесі – 1,8% (325 төсектің ішінен 6 төсек бос ес,319- бос), балалар төсек жүктемесі –1,9% (260 төсектің 5 төсек бос емес, 255 төсек бос).
Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.
1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақ»: Тараз қ. – 2787 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 624,9).
Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аумақта »: Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2), Меркі ауд. – 267 жағд. (301,8)
«Жасыл аумақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 177 жағд. (229,0), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5), Жуалы ауд. – 83/152,2, Талас ауд. – 76/155,3, Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. – 12/41,9.
Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша 2,1 есеге төмеңдеді (25 жағ/ 2,06 және 12 жағ/0,99), оның ішінде:Тараз қаласы бойынша -2,6 есеге төмендеді (16 жағ/3,59 және 6 жағ/ 1,35)
Байзақ ауданы бойынша- 1 жағд төмендеді (1 жағ/ 0,95 және 0 жағ/0)
Жамбыл ауданы бойынша – 5 жағд өсті (0 жағ/0 және 5 жағ/6,47
Жуалы ауданы бойынша – бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Қордай ауданы бойынша– бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Т Рысқұлов ауданы бойынша– бір деңгейде (0жағ/0 және 0 жағ/0)
Меркі ауданы бойынша – 4 жағд төмендеді (4 жағ/4,52 және 0 жағ/0)
Мойынқұм ауданы бойынша –0 жағд (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Сарысу ауданы бойынша– бір деңгейде (0 жағ/ 4,53 және 0 жағ/0)
Талас ауданы бойынша– бір деңгейде (1 жағ/2,04 және 1 жағ/2,04)
Шу ауданы бойынша– 3 жағд төмендеді (3 жағ/2,82 және 0 жағ/0)
Жас құрамы бойынша қызылша індеті 82,8% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3882 ж), оның ішінде 22,4% – 1 жасқа дейінгі балалар (869ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы-2260/ 58,2%; 15-17 жаста – 2,0% (96ж.), 18 жастан жоғары – 15,1% (710ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.
Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,0% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (2392ж), 20,1% – мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (940ж), 13,4% – оқушылар (627ж) және жұмыссыздар 8,0% (375ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы – 29 (0,6%).
Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы
Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,4 пайызы екпе алмағандар (4050 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1289 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 979 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 838 жағдай (20,7%).
екпе статусы | барлығы | пайызы |
Екпе туралы мәліметі жоқ | 712 | 15,2 |
Екпеден бас тартқандар | 1289 | 27,5 |
Екпе алу жасы келмеген | 838 | 17,9 |
Екпе туралы мәліметі жоғалған | 232 | 5,0 |
Уақытша медициналық қарсы көрсетілім | 908 | 19,4 |
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім | 71 | 1,5 |
Екпенің толық курсын алмағандар | 638 | 13,6 |
Барлығы | 4688 | 100 |
Ошақтағы алдын алу іс-шаралар
Жыл басынан бастап барлығы 44369 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 693 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %) .
Бүгінгі күнге 319 науқаспен қарым қатынаста болған тұлғалар, 5 орта мектеп, 3 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым қатынаста болған 4174 тұлға екпемен қамтылды .
Қызылшаға қарсы иммундау жұмысы
2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар – 23159 бала)
– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (98,7%, жоспар – 24635 бала).
(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 – екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 – уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала
2024 жылдың 2 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 7002 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 3460 бала, оның ішінде 1 жастағы 3408 бала 1-ші вакцинациясын алды (14,1%), көрсеткіш төмен
– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 3542 бала, оның ішінде 6 жастағы 3446 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (14,3%), көрсеткіш төмен.
(1 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 15,8- 16,6%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 393 балалардың себебі, ол 94 – екпеге келісім бермегендер (23,9%), 3 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (0,8%), 62 – уақытша облыста жоқтары (15,8%), 234 – медициналық көрсетілімі бар балалар (59,5%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 0 бала
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.
Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап, сәуірдің 02-ші күніне жалпы қамтылғаны – 93 660 тұлға / жоспар – 95 850 /97,7%
(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері: жоспар – 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 376 640 , қамтылған пайызы- 91,8%).
Оның ішінде:
– 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 8 954 бала (96,3%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);
– 2-3-4 жастағы 56 772 бала (90,9%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);
– 5 876 медицина қызметкерлер (104,2%, жоспар – 5 640 қамтылады);
– 22 058 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (119,1%, жоспар – 18 520)
Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:
– Тараз қаласы (91,0%) бойынша орындау пайызы, «қызыл аумақта»; – қалған 10 аумақтар – «жасыл аумақта».
ҚҚП вакцинаның қоры
02.04.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 36666 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар.
Аймақтар | Жоспар | Егілген саңы | Қамтылған пайызы |
Тараз қ | 36122 | 32 872 | 91,0 |
Байзақ а | 8885 | 9015 | 101,5 |
Жамбыл а | 6702 | 6798 | 101,4 |
Жуалы а | 3692 | 3 812 | 103,3 |
Қордай а | 11811 | 12 006 | 101,7 |
Мерке а | 6465 | 6 534 | 101,1 |
Мойынқұм а | 2074 | 2074 | 100,0 |
Сарысу а | 3344 | 3 440 | 102,9 |
Т Рысқұлов а | 5288 | 5 346 | 101,1 |
Талас а | 3642 | 3 686 | 101,2 |
Шу а | 7825 | 8077 | 103,2 |
Облыс бойынша | 95850 | 93 660 | 97,7 |
Республика бойынша | 1 500 000 | 1 376 640 | 91,8 |
Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 13 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.
Жамбыл облысы аумағындағы қызылша індеті бойынша, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін профилактиқалық иммундау, басқа іс-шараларды жүргізу бойынша өзекті мәселелерді облыстық, аумақтық әкімшіліктердің штабтардың 19 отырыстарында, денсаулық сақтау, білім басқармаларының, санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органдарының 20 отырысында қаралды.
Халықтың арасында денсаулық сақтау, Атамекен, білім, дін, санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлері мен мамандары бірігіп қарқынды үгіт насихат жұмыстары ата аналармен, әсіресе екпеден бас тарткан тұлғалармен жүргізілүде, 1841 дөңгелек стөлдер (отырыстар) мен 4545 жиналыстар білім мекемелерінде, мешіттерде өткізілді, халықтың арасында 25 мыңнан астап парақшалар таратылды.
Республикалык, облыстык телеарнасында 11 телебағдармалар, брифингтер өткізілді және 15 сұхбат берілді, облыстағы барлық мекемелерде видеороликтер көрсетілуде, 100 ден астам мақалалар жергілікті басылымдарда жарияланды.
Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.