2023 жылы мен 2024 жылғы 22 сәуір айына облыста қызылша бойынша күдікті 7477 жағдай тіркелді, оның ішінде 4696 жағдайда диагнозы расталды (62,8%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 386,1.
Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 108 907 жағдай тіркелді, оның ішінде 53 261 жағдайда диагнозы расталды (48,9%), көрсеткіші – 265,9.
Қызылша диагнозы расталған 4696 жағдайдың ішінде, 379-сі – қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен ауыр деңгейінде (8,1%), орташа денгейдегі – 3023 (64,3%), 1294 жеңіл денгейдегі (27,6%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.
2024 жылдың 22 сәуір айына 14 науқас стационарлық ем қабылдауда, оның ішінде 0 жүкті әйел (0%), 12 балалар (85,7%).
Балалардың ішінен, ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді. Амбулаториялық емді 7 науқас қабылдауда.
Жалпы төсек жүктемесі –4,3% (325 төсектің ішінен 14 төсек бос ес,310- бос), балалар төсек жүктемесі –4,6% (260 төсектің 12 төсек бос емес, 248 төсек бос).
Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.
1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақ»: Тараз қ. – 2793 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 626,3).
Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аумақта »: Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2), Меркі ауд. – 268 жағд. (302,9)
«Жасыл аумақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 177 жағд. (229,0), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5), Жуалы ауд. – 83/152,2, Талас ауд. – 77/157,4, Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. – 12/41,9.
Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша 1 жағд өсті (3 жағ/ 0,25 және 4 жағ/0,33), оның ішінде:Тараз қаласы бойынша – 1 жағд өсті (2 жағ/0,45 және 3 жағ/ 0,67)
Байзақ ауданы бойынша- бір деңгейде (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Жамбыл ауданы бойынша – бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Жуалы ауданы бойынша – бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Қордай ауданы бойынша– бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Т Рысқұлов ауданы бойынша– бір деңгейде (0жағ/0 және 0 жағ/0)
Меркі ауданы бойынша – 1 жағд өсті (0 жағ/0 және 1 жағ/1,13)
Мойынқұм ауданы бойынша –0 жағд (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Сарысу ауданы бойынша– бір деңгейде (0 жағ/ 4,53 және 0 жағ/0)
Талас ауданы бойынша-1 жағд төмендеді (1 жағ/2,04 және 0 жағ/0)
Шу ауданы бойынша– бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Жас құрамы бойынша қызылша індеті 82,8% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3889 ж), оның ішінде 22,4% – 1 жасқа дейінгі балалар (871ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы-2265/ 58,2%; 15-17 жаста – 2,0% (96ж.), 18 жастан жоғары – 15,1% (711ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.
Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,1% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (2398ж), 20,1% – мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (941ж), 13,4% – оқушылар (627ж) және жұмыссыздар 8,0% (376ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы – 29 (0,6%).
Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы
Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,4 пайызы екпе алмағандар (4058 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1290 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 983 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 840 жағдай (20,7%).
екпе статусы | барлығы | пайызы |
Екпе туралы мәліметі жоқ | 713 | 15,2 |
Екпеден бас тартқандар | 1290 | 27,5 |
Екпе алу жасы келмеген | 840 | 17,9 |
Екпе туралы мәліметі жоғалған | 232 | 4,9 |
Уақытша медициналық қарсы көрсетілім | 912 | 19,4 |
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім | 71 | 1,5 |
Екпенің толық курсын алмағандар | 638 | 13,6 |
Барлығы | 4696 | 100 |
Ошақтағы алдын алу іс-шаралар
Жыл басынан бастап барлығы 44464 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 693 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %) .
Бүгінгі күнге 45 науқаспен қарым қатынаста болған тұлғалар, 0 орта мектеп, 0 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым қатынаста болған 4175 тұлға екпемен қамтылды .
Қызылшаға қарсы иммундау жұмысы
2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар – 23159 бала)
– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (98,7%, жоспар – 24635 бала).
(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 – екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 – уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала
2024 жылдың 3 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 7002 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 5071 бала, оның ішінде 1 жастағы 4994 бала 1-ші вакцинациясын алды (20,4%), көрсеткіш төмен
– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 5192 бала, оның ішінде 6 жастағы 5080 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (21,6%), көрсеткіш төмен.
(3 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 23,7– 24,4%).
Епенің төмен көрсеткіштерінің ең бір себебі– қызылшаға қарсы қосымша екпе алған 6-11 ай аралығындағы және 6 жасқа дейіндегі балалардың ата аналары жоспарлы екпесің алуға уақытша бас тартуда.
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 790 балалардың себебі, ол 95 – екпеге келісім бермегендер (12,0%), 7 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (0,9%), 150 – уақытша облыста жоқтары (19,0%), 538 – медициналық көрсетілімі бар балалар (68,1%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 0 бала
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.
Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап, сәуірдің 22-ші күніне жалпы қамтылғаны – 94 183 тұлға / жоспар – 95 850 /98,3%
(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері: жоспар – 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 431 939 , қамтылған пайызы- 95,5%).
Оның ішінде:
– 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 8 976 бала (96,5%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);
– 2-3-4 жастағы 56 838 бала (91,1%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);
– 5 876 медицина қызметкерлер (104,2%, жоспар – 5 640 қамтылады);
– 22 493 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (121,5%, жоспар – 18 520)
Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:
– Тараз қаласы (91,8%) бойынша орындау пайызы, «қызыл аумақта»; – қалған 10 аумақтар – «жасыл аумақта».
ҚҚП вакцинаның қоры
22.04.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 33522 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар.
Аймақтар | Жоспар | Егілген саңы | Қамтылған пайызы |
Тараз қ | 36122 | 33 173 | 91,8 |
Байзақ а | 8885 | 9033 | 101,7 |
Жамбыл а | 6702 | 6859 | 102,3 |
Жуалы а | 3692 | 3 815 | 103,3 |
Қордай а | 11811 | 12 032 | 101,9 |
Мерке а | 6465 | 6 566 | 101,6 |
Мойынқұм а | 2074 | 2078 | 100,2 |
Сарысу а | 3344 | 3 453 | 103,3 |
Т Рысқұлов а | 5288 | 5 357 | 101,3 |
Талас а | 3642 | 3 704 | 101,7 |
Шу а | 7825 | 8113 | 103,7 |
Облыс бойынша | 95850 | 94 183 | 98,3 |
Республика бойынша | 1 500 000 | 1 431 939 | 95,5 |
Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 15 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.
Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.