Облыс әкімінің төрағалығымен өтетін
аппараттық кеңес отырысына
02.05.2024ж. сағ 11.00
Аса қауіпті инфекциялармен сырқаттанушылықтың
жай-күйі туралы, медициналық мекемелердің дайындығы
эпидемиялық маусымға, қабылданатын шаралар туралы
Облыс өңірлерінің аумағында 84 стационарлық қолайсыз пункттер және 189 сібір жарасының топырақ ошақтары, Мойынқұм ауданының аумағында – туляремияның табиғи ошақтары, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандарының аумағында – обаның табиғи ошақтары орналасқан.
2024 жылы облыс бойынша Мойынқұм (14), Сарысу (12), Талас (9), Жамбыл (2), Байзақ (3), Шу (6) аудандарының аумақтарында 46 қолайсыз елді мекен анықталды, оларда соңғы 3 жылда адам аурулары тіркелген және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) вирусын жұқтырған кенелер анықталған.
Анықтама: республика бойынша КҚГҚ табиғи ошақтарына елдің оңтүстік өңірлері (Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, Шымкент қаласы) жатады.
2024 жылдың 4 айында облыс халқы арасында тырысқақ, оба, туляремия, құтыру, сібір жарасы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы сияқты карантиндік және аса қауіпті инфекциялармен аурудың расталған жағдайлары тіркелмеген.
2024 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша облыс бойынша кене шағуына байланысты медициналық көмекке 99 адам жүгінген (29.04.2023 ж. – 351 адам).
Кене шағуы облыстың 8 аймағында тіркелді, 49,5% – қала тұрғындары арасында (49 жағдай) және 71,7% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында (71 бала).
Кене шағудан зардап шеккен адамдардың аумақтық медициналық көмекке жүгінуі, аудандар бойынша 50 адам, оның ішінде Байзақ – 12 адам, Сарысу – 12 адам, Мойынқұм – 8 адам, Меркі – 6 адам, Қордай – 4 адам, Жамбыл – 5 адам, Шу – 3 адам және Тараз қаласы бойынша – 49 адам.
Кене шағуынан зардап шеккен 99 адамның барлығы 14 күндік медициналық бақылауға алынды, оның 96-сы амбулаториялық (96,9%) және 3-і стационарлық (3,1%). Оның ішінде 64 бақылаудан алынды (64,6%), 35 медициналық бақылауда болуды жалғастыруда (35,4%). Кене щаққан тұлғалардың арасынан КҚГҚ індіте тіркелген жоқ, барлығының дені сау.
Ағымдағы жылы КҚГҚ-на күдікпен 6 науқас инфекциялық стационарларға жатқызылды, оның ішінде Шу ауданында (1 жағдай), Мойынқұм ауданында (1 жағдай), Сарысу ауданында (1 жағдай) және Жамбыл ауданында (3 жағдай).
Барлық 6 жағдайда науқастардан алынған материалдарды зертханалық зерттеу нәтижелері теріс, диагноздар алынып тасталды. КҚГҚ диагнозы расталған науқастар жоқ.
Медициналық ұйымдардың ООИ эпидемиялық маусымына дайындығы:
Аса қауіпті инфекциялармен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызуды қамтамасыз ету үшін инфекциялық стационарларда және орталық аудандық ауруханалардағы инфекциялық бөлімшелерде оқшаланған бокс-палаталары қарастырылған.
Инфекциялық емес бейіндегі барлық медициналық мекемелерде жабдықталған сүзгілер, изоляторлар және диагностикалық бокстар немесе жартылай бокстары орналастырылған.
Облыстың медициналық ұйымдарында қажетті дәрі-дәрмектер қоры жасақталған, оның ішінде Рибавирин – 10 870 капсула, Осельтамивир – 22 660 капсула, иммундық плазманың 40 дозасы, жоғары дәрежелі жеке қорғану құралдарының 34 878-ден астам жиынтығы, 151 700 маска мен респиратор, 203350 қолғап, кең спектрлі антибиотиктердің, дезинфекциялық антисептиктер, қан алмастырғыштар және басқалар жеткілікті мөлшерінде.
Эпидемиялық маусымда аса қауіпті инфекцияларды, оның ішінде ҚҚГҚ және сібір жарасын уақтылы және сапалы зертханалық диагностикалауды қамтамасыз ету мақсатында облыстың Ұлттық сараптама орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, облыста қолайсыз өңірлерде 2024 жылдың көктемгі кезеңінің басынан бастап оба, туляремия және сібір жарасына қарсы жоспарлы иммундау жүргізілуде.
Облысқа егу жоспарына сәйкес сібір жарасына қарсы вакцинаның 3 мың дозасы алынған, егулер ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Обаға қарсы вакцинация: жоспар – 3560, қамтылған – 1773, вакцинация жалғасуда. Туляремияға қарсы екпелер: жоспар – 510 адам, қамтылған – 142, екпелер жалғасуда.
Халықты осы инфекциядан қорғау және жұқтыру шаралары туралы хабардар етуді арттыру мақсатында Тараз қаласы мен аудандардың алғашқы медицналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарының медицина қызметкерлері аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бойынша әңгімелесу, 4 мыңнан астам көрнекіліктер, жадынамалар мен парақшалар тарата отырып, аулаларды аралауды бастады.
Кадрларды даярлау, облыстық мамандардың консультативтік-әдістемелік көмегі:
Облыстың барлық 11 өңіріне кураторлармен – облыстық инфекционистермен, бактериологтармен, эпидемиологтармен және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Ұлттық сараптама орталығының зертханасының қызметкерлерімен мониторингтік сапармен практикалық консультациялық көмек көрсетілді.
2024 жылғы 16 ақпанда Б.Н.Көшерова – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» профессоры, ҚР ДСМ бас ересек инфекционисті және Д.А.Баешева – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» профессоры, ҚР ДСМ бас балалар инфекционистінің қатысуымен «Жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері» бойынша ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Облыстың барлық бас дәрігерлердің емдеу работе жөніндегі орынбасарлары, инфекционистері, госпитальдық эпидемиологтар шақырылды, қатысушылар саны 97 адамды құрады. Сертификаттар таратылды.
Сондай-ақ, 2024 жылдың наурыз айында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Н.Әбуованың қатысуымен аса қауіпті инфекциялардың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция өткізілді
Облыстық мамандармен клиника, диагностика, ақи емдеу (оның ішінде КҚГҚ және сібір жарасы), сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік және зертханалық диагностика шаралары бойынша барлығы 2 облыстық конференция және 11 көшпелі өңірлік семинарлар өткізілді .
Облыстың КҚГҚ бойынша 6 қолайсыз эндемиялық өңірінде конференциялар атқарушы биліктің өңірлік өкілдерінің – әкімдіктердің, мүдделі ведомстволар мен қызметтердің (ауыл әкімдерінің, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы қызметтерінің, білім беру, денсаулық сақтау объектілерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, Ұлттық сараптама орталығының және т.б.) қатысуымен өткізілді.
Облыстың 11 өңірінде барлығы 1150 медицина қызметкері оқытылды, оның ішінде 275 дәрігер, 875 орта медицина қызметкері. Бұдан әрі оқытуды Тараз қаласы мен аудандардың медициналық мекемелерінің өңірлік үйлестірушілері (бас дәрігерлердің орынбасарлары, инфекционистер және госпитальдық эпидемиологтар) каскадтық әдіспен жүргізді.
Облыстық инфекционистер өңірлерге барған кезде өңірлік медицина қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсетті.
Бұл жұмыс инфекциялық сырқаттанушылықтың өзекті мәселелері бойынша өңірлік мамандарға тұрақты негізде және ұдайы кеңес бере отырып жүргізіледі.
Аса қауіпті инфекциялардан (оның ішінде КҚГҚ және сібір жарасынан) қорғау мәселелері мен алдын алу шаралары бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы түсірген КҚГҚ бойынша бейнеролик барлық ұйымдасқан мекемелерге (оның ішінде медициналық) трансляциялау үшін таратылды.
Республикалық және облыстық дәрігерлер 5 сұхбат берді, облыстық телевизия студиясының телебағдарламаларына («77 канал», «Денсаулық» телебағдарламасына) қатысты.
Өңір мамандары КҚГҚ және сібір жарасы бойынша жергілікті басылымдарға және әлеуметтік желілерге 12 мақала дайындап, жариялауға жолдады. Халық арасында профилактикалық, оның ішінде санитарлық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғасуда.