Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының біріккен 2024 жылғы 14 мамырдағы №119/207-ө/150-п бұйрығы негізінде, 2024 жылдың 21 мамырында Тараз қаласы мен аудандық медицина мекемелерінің бас дәрігерлері, инфекционист-дәрігерлердің, эпидемиолог мамандардың, санитариялық эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарымен «Жамбыл облысы аумағында жіті ішек жұқпалары: дизентерия мен сальмонеллездің эпидемиологиясы, этиологиясы, диагностикасы мен емдеу алгоритмдері. Санитариялық эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыру. Жіті ішек жұқпалары диагностикасындағы бактериологиялық және вирусологиялық зерттеу әдістері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарды Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Мусабаев ашты. Семинарда Жамбыл облысы СЭҚД инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Н.Тасжурекова «ҚР, оның ішінде Жамбыл облысы аумағындағы инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық жағдай. Шешуді қажет ететін мәселелер», инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Н.Сапарбаева «Жамбыл облысы аумағындағы жіті ішек жұқпалары тобы мен А вирусты гепатиттердің эпидемиологиялық жағдайы», Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімшедердің меңгерушілері М.Сержанов «Жүкті әйелдердегі жіті ішек тобы инфекцияларының ерекшеліктері», Л.Турганова «Балаларда кездесетін жіті ішек жұқпалары инфекциялары, емі, дифференциалды диагностика», Е.Цой «Энтеровирусты жұқпа емі, клиникасы», сонымен қатар зертханалық диагностика әдістері бойынша ЖО ҰСО вирусологиялық зертхана меңгерушісі А.Байжанова, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бактериологиялық зертхана меңгерушісі Б.Сарсенбаева, Жамбыл облысы СЭҚД тағам обьектілерін санитариялық қадағалау бөлімінің бас маманы Ғ.Орымбаев «Облыс аумағындағы тағамнан улану жағдайлары, тергеу алгоритмдері» тақырыптарында баяндама жасады.
Семинарға 80-нен астам медицина қызметкерлері онлайн форматта, ал 37 медицина қызмекері офлайн форматта қатысты, семинар соңында сұрақ-жауап беріліп, қорытынды жасалды.