Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын»
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
+7 (775) 992-40-33
Жамбыл облысы аумағындағы қызылша індеті туралы

2023 жылы мен 2024 жылғы 09 маусым айына  облыста қызылша бойынша күдікті 7669 жағдай тіркелді, оның ішінде 4740 жағдайда диагнозы расталды (61,9%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 389,7.

Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 111 601 жағдай тіркелді, оның ішінде 54 959 жағдайда диагнозы расталды (49,2%), көрсеткіші – 274,3.

Қызылша диагнозы расталған 4740 жағдайдың ішінде, 379-сі – қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен  ауыр деңгейінде (8,0%), орташа денгейдегі – 3065 (64,6%), 1296 жеңіл денгейдегі (27,4%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.

2024 жылдың 09 маусым айына қызылша диагнозымен стационарлық  ем   қабылдап жатқан 3 науқас бала бар. Амбулаториялық ем қабылдап жатқан  науқастар жоқ. Ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді.

Жалпы төсек жүктемесі –0,9% (325 төсектің ішінен 3 төсек бос емес,322- бос), балалар төсек жүктемесі –1,1% (260 төсектің 3 төсек бос емес, 257 төсек бос).

Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.

1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақ»: Тараз қ. – 2830 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 634,6).

Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аумақта »:   Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2),  Меркі ауд. – 268 жағд. (302,9)

«Жасыл аумақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 184 жағд. (238,1), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5),  Жуалы ауд. – 83/152,2,    Талас ауд. – 77/157,4,  Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. – 12/41,9.

Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша 6 жағд төмендеді (11 жағ/ 0,90 және 5 жағ/0,41), оның ішінде:Тараз қаласы  бойынша  – 4 жағд төмендеді  (7 жағ/1,57 және 3 жағ/ 0,67)

Байзақ ауданы бойынша-  тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Жамбыл ауданы бойынша – 2 жағд төмендеді(4 жағ/5,18 және 2 жағ/2,59)

Жуалы ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Қордай ауданы бойынша– тіркелген жоқ   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Т Рысқұлов ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0жағ/0 және 0 жағ/0)

Меркі ауданы бойынша – тіркелген жоқ    (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Мойынқұм ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Сарысу ауданы бойынша– тіркелген жоқ   (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Талас ауданы бойынша– тіркелген жоқ  (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Шу ауданы бойынша– тіркелген жоқ   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Жас құрамы бойынша қызылша індеті 83,0% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3932 ж), оның ішінде 22,6% – 1 жасқа дейінгі балалар (891ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы-2286/ 58,2%;  15-17 жаста – 2,0% (96ж.), 18 жастан жоғары – 15,0% (712ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.

Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,3% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (2431ж), 20,0% – мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (950ж), 13,3% – оқушылар (628ж) және жұмыссыздар 8,0% (377ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы – 29 (0,6%).

Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы

Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,5 пайызы екпе алмағандар (4100 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1303 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 992 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 859 жағдай (20,9%).   

 

екпе статусы барлығы пайызы
Екпе туралы мәліметі жоқ 714 15,1
Екпеден бас тартқандар 1303 27,5
Екпе алу жасы келмеген 859 18,1
Екпе туралы мәліметі жоғалған 232 4,9
Уақытша  медициналық қарсы көрсетілім 921 19,4
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім 71 1,5
Екпенің толық курсын алмағандар 640 13,6
Барлығы 4740 100

 

          Ошақтағы алдын алу іс-шаралар

Жыл басынан бастап барлығы 44856 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 693 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %) .

Бүгінгі күнге 56  науқаспен  қарым қатынаста болған тұлғалар, 1 орта мектеп, 3 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында

Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым қатынаста болған 4175 тұлға екпемен қамтылды .

Қызылшаға қарсы  иммундау жұмысы

2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:

– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар – 23159 бала)

– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (98,7%,  жоспар – 24635 бала).

(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 – екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 – уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала

2024 жылдың 4 айында Жамбыл облысы бойынша

Қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы (ККП-1) екпесімен қамту көрсеткіштері жоспарлы түрде жалпы егілгені – 14284 бала, оның ішінде:

– барлығы қызылша -1 екпені алғаны- 6858 бала, оның ішінде 1 жастағы 6754 бала 1-ші вакцинациясын алды (27,4%)

– барлығы қызылша -2 екпені алғаны- 7426 бала, оның ішінде 6 жастағы 7269 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (31,2%).

 (4 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 31,6- 33,2%).

Епенің төмен көрсеткіштерінің ең бір себебіқызылшаға қарсы қосымша екпе алған 6-11 ай аралығындағы және 6 жасқа дейіндегі балалардың ата аналары жоспарлы екпесің алуға уақытша бас тартуда.

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1111 балалардың себебі, ол 109 – екпеге келісім бермегендер (9,8%), 8 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (0,7%), 211 – уақытша облыста жоқтары (19,0%), 783 – медициналық көрсетілімі бар балалар (70,5%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 0 бала

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.

Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап,  маусымның 09-ші  күніне  жалпы қамтылғаны – 94 889 тұлға / жоспар – 95 850 99,0% 

(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері:   жоспар – 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 431 939 , қамтылған пайызы- 95,5%).

Оның ішінде:

– 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 9 004 бала (96,8%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);

– 2-3-4 жастағы 56 939 бала (91,3%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);

– 5 876 медицина қызметкерлер (104,1%, жоспар – 5 640 қамтылады);

– 23 070 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (124,6, жоспар – 18 520)

Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:

–  Тараз қаласы (92,7%) бойынша  орындау пайызы, «қызыл аумақта»;         –   қалған 10 аумақтар – «жасыл аумақта».

ҚҚП вакцинаның қоры

09.06.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 30 522 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар, қолдау мерзімі 2026 жылдың наурыз айына дейін.

 

 

Аймақтар Жоспар Егілген саңы Қамтылған пайызы
Тараз қ 36122 33 480 92,7
Байзақ а 8885 9110 102,5
Жамбыл а 6702 6933 103,4
Жуалы а 3692 3 841 104,0
Қордай а 11811 12 098 102,4
Мерке а 6465 6 622 102,4
Мойынқұм а 2074 2080 100,3
Сарысу а 3344 3 470 103,8
Т Рысқұлов а 5288 5 369 101,5
Талас а 3642 3 714 102,0
Шу а 7825 8172 104,4
Облыс бойынша 95850 94 889 99,0
Республика бойынша 1 500 000 1 431 939 95,5

Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 15 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.

Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.