Жамбыл облысы аумағындағы
қызылша індеті туралы
2023 жылы мен 2024 жылғы 11 шілде айына облыста қызылша бойынша күдікті 7736 жағдай тіркелді, оның ішінде 4753 жағдайда диагнозы расталды (61,4%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 390,8.
Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 114 851 жағдай тіркелді, оның ішінде 57 026 жағдайда диагнозы расталды (49,6%), көрсеткіші – 284,7.
Қызылша диагнозы расталған 4753 жағдайдың ішінде, 379-сі – қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен ауыр деңгейінде (7,9%), орташа денгейдегі – 3078 (64,7%), 1296 жеңіл денгейдегі (27,3%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.
2024 жылдың 11 шілде айына қызылша диагнозымен стационарлық ем қабылдап жатқан 1 науқас бала бар. Амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар жоқ. Ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді.
Жалпы төсек жүктемесі –0,3% (325 төсектің ішінен 1 төсек бос емес,324– бос), балалар төсек жүктемесі –0,4% (260 төсектің 1 төсек бос емес, 259 төсек бос).
Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.
1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақ»: Тараз қ. – 2840 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 636,8).
Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аумақта »: Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2), Меркі ауд. – 270 жағд. (305,2)
«Жасыл аумақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 185 жағд. (239,3), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5), Жуалы ауд. – 83/152,2, Талас ауд. – 77/157,4, Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. – 12/41,9.
Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша 3 жағ өсті (2 жағ/ 0,16 және 5 жағ/0,41), оның ішінде:Тараз қаласы бойынша –1 жағ өсті (2 жағ/0,45 және 3 жағ/ 0,67)
Байзақ ауданы бойынша- тіркелген жоқ (0 жағ/ 3 және 0 жағ/0,67)
Жамбыл ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Жуалы ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Қордай ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Т Рысқұлов ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0жағ/0 және 0 жағ/0)
Меркі ауданы бойынша – 2 жағ өсті (0 жағ/0 және 2 жағ/2,26)
Мойынқұм ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Сарысу ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Талас ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Шу ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Жас құрамы бойынша қызылша індеті 83,0% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3944 ж), оның ішінде 22,6% – 1 жасқа дейінгі балалар (894ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы-2295/ 58,2%; 15-17 жаста – 2,0% (96ж.), 18 жастан жоғары – 15,0% (713ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.
Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,3% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (2439ж), 20,1% – мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (954ж), 13,2% – оқушылар (628ж) және жұмыссыздар 8,0% (378ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы – 29 (0,6%).
Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы
Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,5 пайызы екпе алмағандар (4113 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1310 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 994 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 862 жағдай (20,9%).
екпе статусы | барлығы | пайызы |
Екпе туралы мәліметі жоқ | 715 | 15,0 |
Екпеден бас тартқандар | 1310 | 27,6 |
Екпе алу жасы келмеген | 862 | 18,1 |
Екпе туралы мәліметі жоғалған | 232 | 4,9 |
Уақытша медициналық қарсы көрсетілім | 923 | 19,4 |
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім | 71 | 1,5 |
Екпенің толық курсын алмағандар | 640 | 13,5 |
Барлығы | 4753 | 100 |
Ошақтағы алдын алу іс-шаралар
Жыл басынан бастап барлығы 44938 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 693 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %) .
Бүгінгі күнге 98 науқаспен қарым қатынаста болған тұлғалар, 3 орта мектеп, 1 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым қатынаста болған 4175 тұлға екпемен қамтылды .
Қызылшаға қарсы иммундау жұмысы
2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар – 23159 бала)
– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (98,7%, жоспар – 24635 бала).
(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 – екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 – уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала
2024 жылдың 5 айында Жамбыл облысы бойынша
Қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы (ККП-1) екпесімен қамту көрсеткіштері жоспарлы түрде жалпы егілгені – 18285 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша -1 екпені алғаны- 8636 бала, оның ішінде 1 жастағы 8511 бала 1-ші вакцинациясын алды (36,8%)
– барлығы қызылша -2 екпені алғаны- 9649 бала, оның ішінде 6 жастағы 9461 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (36,8%).
(4 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 39,4- 41,5%).
Епенің төмен көрсеткіштерінің ең бір себебі– қызылшаға қарсы қосымша екпе алған 6-11 ай аралығындағы және 6 жасқа дейіндегі балалардың ата аналары жоспарлы екпесің алуға уақытша бас тартуда.
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1111 балалардың себебі, ол 109 – екпеге келісім бермегендер (9,8%), 8 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (0,7%), 211 – уақытша облыста жоқтары (19,0%), 783 – медициналық көрсетілімі бар балалар (70,5%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 0 бала
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.
Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап, шілденің 11-ші күніне жалпы қамтылғаны – 96 195 тұлға / жоспар – 95 850 /100,4%
(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері: жоспар – 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 470 603 , қамтылған пайызы- 98,0%).
Оның ішінде:
– 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 9 052 бала (97,3%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);
– 2-3-4 жастағы 57 162 бала (91,6%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);
– 5 878 медицина қызметкерлер (104,1%, жоспар – 5 640 қамтылады);
– 24 103 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (130,1, жоспар – 18 520)
Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:
– Тараз қаласы (94,2%) бойынша орындау пайызы, «қызыл аумақта»; – қалған 10 аумақтар – «жасыл аумақта».
ҚҚП вакцинаның қоры
11.07.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 27 115 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар, қолдау мерзімі 2026 жылдың наурыз айына дейін.
Аймақтар | Жоспар | Егілген саңы | Қамтылған пайызы |
Тараз қ | 36122 | 34 020 | 94,2 |
Байзақ а | 8885 | 9260 | 104,2 |
Жамбыл а | 6702 | 7040 | 105,0 |
Жуалы а | 3692 | 3 876 | 105,0 |
Қордай а | 11811 | 12 210 | 103,4 |
Мерке а | 6465 | 6 756 | 104,5 |
Мойынқұм а | 2074 | 2086 | 100,6 |
Сарысу а | 3344 | 3 534 | 105,7 |
Т Рысқұлов а | 5288 | 5 390 | 101,9 |
Талас а | 3642 | 3 744 | 102,8 |
Шу а | 7825 | 8279 | 105,8 |
Облыс бойынша | 95850 | 96 195 | 100,4 |
Республика бойынша | 1 500 000 | 1 470 603 | 98,0 |
Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 15 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.
Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.