2023 жылы мен 2024 жылғы 19 шілде айына облыста қызылша бойынша күдікті 7744 жағдай тіркелді, оның ішінде 4755 жағдайда диагнозы расталды (61,4%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 390,9.
Жүргізіліп жатқан екпе жұмыстарының арқасында, қызылша індетінің эпидемиологиялық жағдайының тұрақтануына және 2024 жылдың қантар айынан ( 643 жағд/52,7) бастап бүгінгі күні шілде айына (11 жағд/0,9) көрсеткіштерді 58,6 есеге төмендеуіне қол жеткізілді
Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 114 851 жағдай тіркелді, оның ішінде 57 026 жағдайда диагнозы расталды (49,6%), көрсеткіші – 284,7.
Қызылша диагнозы расталған 4755 жағдайдың ішінде, 379-сі – қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен ауыр деңгейінде (7,9%), орташа денгейдегі – 3080 (64,7%), 1296 жеңіл денгейдегі (27,3%) тіркелді. Өлім ағдайы тіркелген жоқ.
2024 жылдың 19 шілде айына қызылша диагнозымен стационарлық ем қабылдап жатқан науқас жоқ. Амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастарда жоқ. Ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді.
Жалпы төсек жүктемесі –0% (325 төсектің ішінен 0 төсек бос емес,325- бос), балалар төсек жүктемесі –0% (260 төсектің 0 төсек бос емес, 260 төсек бос).
Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.
1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақ»: Тараз қ. – 2842 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 637,3). Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аумақта »: Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2), Меркі ауд. – 270 жағд. (305,2) «Жасыл аумақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 185 жағд. (239,3), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5), Жуалы ауд. – 83/152,2, Талас ауд. – 77/157,4, Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. – 12/41,9.
Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша 2 жағ төмендеді (4 жағ/ 0,33 және 2 жағ/0,16), оның ішінде:Тараз қаласы бойынша – бір деңгейде (2 жағ/0,45 және 2 жағ/ 0,45)
Байзақ ауданы бойынша- тіркелген жоқ (0 жағ/ 3 және 0 жағ/0,67)
Жамбыл ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Жуалы ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Қордай ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Т Рысқұлов ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0жағ/0 және 0 жағ/0)
Меркі ауданы бойынша – 2 жағ төмендеді (2 жағ/2,26 және 0 жағ/0)
Мойынқұм ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Сарысу ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Талас ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Шу ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Жас құрамы бойынша қызылша індеті 83,0% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3946 ж), оның ішінде 22,6% – 1 жасқа дейінгі балалар (895ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы-2296/ 58,1%; 15-17 жаста – 2,2% (96ж.), 18 жастан жоғары – 15,0% (713ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.
Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,3% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (2440ж), 20,1% – мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (955ж), 13,2% – оқушылар (628ж) және жұмыссыздар 8,0% (378ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы – 29 (0,6%).
Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы
Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,5 пайызы екпе алмағандар (4115 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1311 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 994 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 863 жағдай (20,9%).
екпе статусы | барлығы | пайызы |
Екпе туралы мәліметі жоқ | 715 | 15,0 |
Екпеден бас тартқандар | 1311 | 27,6 |
Екпе алу жасы келмеген | 863 | 18,1 |
Екпе туралы мәліметі жоғалған | 232 | 4,9 |
Уақытша медициналық қарсы көрсетілім | 923 | 19,4 |
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім | 71 | 1,5 |
Екпенің толық курсын алмағандар | 640 | 13,5 |
Барлығы | 4755 | 100 |
Ошақтағы алдын алу іс-шаралар
Жыл басынан бастап барлығы 44938 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 696 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %) .
Бүгінгі күнге 58 науқаспен қарым қатынаста болған тұлғалар, 0 орта мектеп, 1 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым қатынаста болған 4175 тұлға екпемен қамтылды .
Қызылшаға қарсы иммундау жұмысы
2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар – 23159 бала)
– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (98,7%, жоспар – 24635 бала).
(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 – екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 – уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала
2024 жылдың 6 айында Жамбыл облысы бойынша
Қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы (ККП-1) екпесімен қамту көрсеткіштері жоспарлы түрде жалпы егілгені – 10999 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша -1 екпені алғаны- 10517 бала, оның ішінде 1 жастағы 10352 бала 1-ші вакцинациясын алды (45,0%)
– барлығы қызылша -2 екпені алғаны- 10999 бала, оның ішінде 6 жастағы 10776 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (45,7%).
(4 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 47,4- 49,8%).
Епенің төмен көрсеткіштерінің ең бір себебі– қызылшаға қарсы қосымша екпе алған 6-11 ай аралығындағы және 6 жасқа дейіндегі балалардың ата аналары жоспарлы екпесің алуға уақытша бас тартуда.
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1636 балалардың себебі, ол 128 – екпеге келісім бермегендер (7,8%), 28 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (1,7%), 352 – уақытша облыста жоқтары (21,5%), 1128 – медициналық көрсетілімі бар балалар (68,9%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 43 бала
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.
Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап, шілденің 19-ші күніне жалпы қамтылғаны – 96 262 тұлға / жоспар – 95 850 /100,4%
(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері: жоспар – 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 470 603 , қамтылған пайызы- 98,0%).
Оның ішінде:
– 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 9 058 бала (97,4%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);
– 2-3-4 жастағы 57 172 бала (91,6%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);
– 5 878 медицина қызметкерлер (104,1%, жоспар – 5 640 қамтылады);
– 24 154 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (130,4, жоспар – 18 520)
Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:
– Тараз қаласы (94,3%) бойынша орындау пайызы, «қызыл аумақта»; – қалған 10 аумақтар – «жасыл аумақта».
ҚҚП вакцинаның қоры
19.07.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 37 800 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар, қолдау мерзімі 2026 жылдың наурыз айына дейін.
Аймақтар | Жоспар | Егілген саңы | Қамтылған пайызы |
Тараз қ | 36122 | 34 046 | 94,3 |
Байзақ а | 8885 | 9265 | 104,3 |
Жамбыл а | 6702 | 7048 | 105,2 |
Жуалы а | 3692 | 3 878 | 105,0 |
Қордай а | 11811 | 12 215 | 103,4 |
Мерке а | 6465 | 6 767 | 104,7 |
Мойынқұм а | 2074 | 2086 | 100,6 |
Сарысу а | 3344 | 3 540 | 105,9 |
Т Рысқұлов а | 5288 | 5 390 | 101,9 |
Талас а | 3642 | 3 746 | 102,9 |
Шу а | 7825 | 8281 | 105,8 |
Облыс бойынша | 95850 | 96 262 | 100,4 |
Республика бойынша | 1 500 000 | 1 470 603 | 98,0 |
Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 15 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.
Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.