2023 жылы мен 2024 жылғы 08 тамыз айына облыста қызылша бойынша күдікті 7 745 жағдай тіркелді, оның ішінде 4 755 жағдайда диагнозы расталды (61,4%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 390,9.
Жүргізіліп жатқан екпе жұмыстарының арқасында, қызылша індетінің эпидемиологиялық жағдайының тұрақтануына және 2024 жылдың қантар айынан (643 жағд/52,7) бастап бүгінгі күні шілде айына (11 жағд/0,9) көрсеткіштерді 58,6 есеге төмендеуіне қол жеткізілді
Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 114 851 жағдай тіркелді, оның ішінде 57 026 жағдайда диагнозы расталды (49,6%), көрсеткіші – 284,7.
Қызылша диагнозы расталған 4 755 жағдайдың ішінде, 379 – қызылша пневмония, отит, энцефалит, т.б. асқынулармен ауыр деңгейінде (7,9%), орташа денгейдегі – 3 080 (64,7%), 1 296 жеңіл денгейдегі (27,3%) тіркелді. Өлім ағдайы тіркелген жоқ.
2024 жылдың 08 тамыз айына қызылша диагнозымен стационарлық ем қабылдап жатқан науқас жоқ. Амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар жоқ. Ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді.
Жалпы төсек жүктемесі – 0,3% (325 төсектің ішінен 1 төсек бос емес, 324 – бос), балалар төсек жүктемесі – 0,38% (260 төсектің 1 төсек бос емес, 259 төсек бос).
Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.
1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аймақ»: Тараз қ. – 2842 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 637,3). Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аймақта»: Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2), Меркі ауд. – 270 жағд. (305,2). «Жасыл аймақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 185 жағд. (239,3), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5), Жуалы ауд. – 83/152,2, Талас ауд. – 77/157,4, Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. – 12/41,9.
Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша 2 жағд төмендеді (4 жағ/ 0,33 және 2 жағ/0,16), оның ішінде:
Тараз қаласы бойынша – бір деңгейде (2 жағ/0,45 және 2 жағ/ 0,45)
Байзақ ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/ 3 және 0 жағ/0,67)
Жамбыл ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Жуалы ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Қордай ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Т.Рысқұлов ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0жағ/0 және 0 жағ/0)
Меркі ауданы бойынша – 2 жағ төмендеді (2 жағ/2,26 және 0 жағ/0)
Мойынқұм ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Сарысу ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Талас ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Шу ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Жас құрамы бойынша қызылша індеті 83,0% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3946 ж), оның ішінде 22,6% – 1 жасқа дейінгі балалар (895 ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы – 2296/ 58,1%; 15-17 жаста – 2,2% (96 ж.), 18 жастан жоғары – 15,0% (713 ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.
Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,3% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (2440 ж), 20,1% – мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (955 ж), 13,2% – оқушылар (628ж) және жұмыссыздар 8,0% (378 ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175 ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы – 29 (0,6%).
Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы
Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,5 пайызы екпе алмағандар (4115 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1311 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 994 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 863 жағдай (20,9%).
екпе статусы | барлығы | пайызы |
Екпе туралы мәліметі жоқ | 715 | 15,0 |
Екпеден бас тартқандар | 1311 | 27,6 |
Екпе алу жасы келмеген | 863 | 18,1 |
Екпе туралы мәліметі жоғалған | 232 | 4,9 |
Уақытша медициналық қарсы көрсетілім | 923 | 19,4 |
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім | 71 | 1,5 |
Екпенің толық курсын алмағандар | 640 | 13,5 |
Барлығы | 4755 | 100 |
Ошақтағы алдын алу іс-шаралар
Жыл басынан бастап барлығы 44 938 қарым-қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 696 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %).
Бүгінгі күнге 58 науқаспен қарым-қатынаста болған тұлғалар, 0 орта мектеп, 1 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым-қатынаста болған 4 175 тұлға екпемен қамтылды .
Қызылшаға қарсы иммундау жұмысы
2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар – 23159 бала)
– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (98,7%, жоспар – 24635 бала).
(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 – екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 – уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала
2024 жылдың 7 айында Жамбыл облысы бойынша
Қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы (ККП-1) екпесімен қамту көрсеткіштері жоспарлы түрде жалпы егілгені – 12 237 бала, оның ішінде:
– барлығы қызылша-1 екпені алғаны – 12 406 бала, оның ішінде 1 жастағы 12 124 бала 1-ші вакцинациясын алды (50,6%)
– барлығы қызылша-2 екпені алғаны – 12 237 бала, оның ішінде 6 жастағы 11 952 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (50,5%).
(7 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 55,3- 58,1%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1 922 балалардың себебі, ол 128 – екпеге келісім бермегендер (6,6%), 66 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (3,4%), 514 – уақытша облыста жоқтары (26,7%), 1214 – медициналық көрсетілімі бар балалар (63,1%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 51 бала
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.
Қосымша жаппай иммундаумен 2023 жылдың қараша айының 6-ші күнінен бастап, 2024 жылдың тамыз айының 08-ші күніне жалпы қамтылғаны – 96 592 тұлға / жоспар – 95 850 /100,8%
(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері: жоспар – 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 470 603, қамтылған пайызы – 98,0%).
Оның ішінде:
– 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 9 066 бала (97,5%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);
– 2-3-4 жастағы 57 227 бала (91,7%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);
– 5 878 медицина қызметкерлер (104,1%, жоспар – 5 640 қамтылады);
– 24 421 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (131,9, жоспар – 18 520)
Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:
– Тараз қаласы (94,3%) бойынша орындау пайызы, «қызыл аймақта»;
– қалған 10 аумақ – «жасыл аймақта».
ҚҚП вакцинаның қоры
08.08.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 34 634 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар, қолдану мерзімі 2026 жылдың наурыз айына дейін.
Аумақтар | Жоспар | Егілген саңы | Қамтылған пайызы |
Тараз қ | 36 122 | 34 220 | 94,7 |
Байзақ а | 8 885 | 9 277 | 104,4 |
Жамбыл а | 6 702 | 7 072 | 105,5 |
Жуалы а | 3 692 | 3 884 | 105,2 |
Қордай а | 11 811 | 12 248 | 103,7 |
Мерке а | 6 465 | 6 792 | 105,1 |
Мойынқұм а | 2 074 | 2 093 | 100,9 |
Сарысу а | 3344 | 3 549 | 106,1 |
Т Рысқұлов а | 5 288 | 5 405 | 102,2 |
Талас а | 3 642 | 3 752 | 103,0 |
Шу а | 7 825 | 8 300 | 106,1 |
Облыс бойынша | 95 850 | 96 592 | 100,8 |
Республика бойынша | 1 500 000 | 1 470 603 | 98,0 |
Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 15 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.
Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.