Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын»
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
+7 (775) 992-40-33
Жамбыл облысы аумағындағы қызылша індеті туралы

 

2023 жылы мен 2024 жылғы 19 тамыз айына облыста қызылша бойынша күдікті 7 745 жағдай тіркелді, оның ішінде 4 755 жағдайда диагнозы расталды (61,4%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 390,9.

Жүргізіліп жатқан екпе жұмыстарының арқасында, қызылша індетінің эпидемиологиялық жағдайының тұрақтануына және 2024 жылдың қантар айынан (643 жағд/52,7) бастап бүгінгі күні шілде айына (11 жағд/0,9) көрсеткіштерді 58,6 есеге төмендеуіне қол жеткізілді

Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 114 851 жағдай тіркелді, оның ішінде 57 026 жағдайда диагнозы расталды (49,6%), көрсеткіші – 284,7.

Қызылша диагнозы расталған 4 755 жағдайдың ішінде, 379 – қызылша пневмония, отит, энцефалит, т.б. асқынулармен ауыр деңгейінде (7,9%), орташа денгейдегі – 3 080 (64,7%), 1 296 жеңіл денгейдегі (27,3%) тіркелді. Өлім ағдайы тіркелген жоқ.

2024 жылдың 19 тамыз айына қызылша диагнозымен стационарлық ем   қабылдап жатқан  науқас жоқ. Амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар жоқ. Ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді.

Жалпы төсек жүктемесі – 0% (325 төсектің ішінен 0 төсек бос емес, 325 – бос), балалар төсек жүктемесі – 0% (260 төсектің 0 төсек бос емес, 260төсек бос).

Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.

1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аймақ»: Тараз қ. – 2842 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 637,3).   Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аймақта»: Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2),  Меркі ауд. – 270 жағд. (305,2). «Жасыл аймақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 185 жағд. (239,3), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5),  Жуалы ауд. – 83/152,2, Талас ауд. – 77/157,4, Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. – 12/41,9.

Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша 2 жағд төмендеді (4 жағ/ 0,33 және 2 жағ/0,16), оның ішінде:

Тараз қаласы  бойынша  – бір деңгейде  (2 жағ/0,45 және 2 жағ/ 0,45)

Байзақ ауданы бойынша –  тіркелген жоқ (0 жағ/ 3 және 0 жағ/0,67)

Жамбыл ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Жуалы ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Қордай ауданы бойынша тіркелген жоқ   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Т.Рысқұлов ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0жағ/0 және 0 жағ/0)

Меркі ауданы бойынша – 2 жағ төмендеді   (2 жағ/2,26 және 0 жағ/0)

Мойынқұм ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Сарысу ауданы бойынша тіркелген жоқ   (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Талас ауданы бойынша тіркелген жоқ  (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Шу ауданы бойынша – тіркелген жоқ   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Жас құрамы бойынша қызылша індеті 83,0% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3946 ж), оның ішінде 22,6% – 1 жасқа дейінгі балалар (895 ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы – 2296/ 58,1%; 15-17 жаста – 2,2% (96 ж.), 18 жастан жоғары – 15,0% (713 ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.

Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,3% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (2440 ж), 20,1% – мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (955 ж), 13,2% – оқушылар (628ж) және жұмыссыздар 8,0% (378 ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175 ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы – 29 (0,6%).

Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы

Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,5 пайызы екпе алмағандар (4115 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1311 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 994 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 863 жағдай (20,9%).

екпе статусы барлығы пайызы
Екпе туралы мәліметі жоқ 715 15,0
Екпеден бас тартқандар 1311 27,6
Екпе алу жасы келмеген 863 18,1
Екпе туралы мәліметі жоғалған 232 4,9
Уақытша  медициналық қарсы көрсетілім 923 19,4
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім 71 1,5
Екпенің толық курсын алмағандар 640 13,5
Барлығы 4755 100

 

Ошақтағы алдын алу іс-шаралар

Жыл басынан бастап барлығы 44 938 қарым-қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 696 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %).

Бүгінгі күнге 58 науқаспен қарым-қатынаста болған тұлғалар, 0 орта мектеп, 1 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында

Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым-қатынаста болған 4 175 тұлға екпемен қамтылды .

Қызылшаға қарсы  иммундау жұмысы

2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:

– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар – 23159 бала)

– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (98,7%,  жоспар – 24635 бала).

(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 – екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 – уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала

2024 жылдың 7 айында Жамбыл облысы бойынша

Қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы (ККП-1) екпесімен қамту көрсеткіштері жоспарлы түрде жалпы егілгені – 12 237 бала, оның ішінде:

– барлығы қызылша-1 екпені алғаны – 12 406 бала, оның ішінде 1 жастағы 12 124 бала 1-ші вакцинациясын алды (50,6%)

– барлығы қызылша-2 екпені алғаны – 12 237 бала, оның ішінде 6 жастағы 11 952 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (50,5%).

(7 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 55,3- 58,1%).

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1 922 балалардың себебі, ол 128 – екпеге келісім бермегендер (6,6%), 66 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (3,4%), 514 – уақытша облыста жоқтары (26,7%), 1214 – медициналық көрсетілімі бар балалар (63,1%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 51 бала

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.

Қосымша жаппай иммундаумен 2023 жылдың қараша айының 6-ші күнінен бастап, 2024 жылдың тамыз айының 19-ші күніне жалпы қамтылғаны – 96 592 тұлға / жоспар – 95 850 /100,8%

(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері: жоспар – 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 470 603, қамтылған пайызы – 98,0%).

Оның ішінде:

– 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 9 066 бала (97,5%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);

– 2-3-4 жастағы 57 227 бала (91,7%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);

– 5 878 медицина қызметкерлер (104,1%, жоспар – 5 640 қамтылады);

– 24 421 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (131,9, жоспар – 18 520)

Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:

– Тараз қаласы (94,3%) бойынша  орындау пайызы, «қызыл аймақта»;

– қалған 10 аумақ – «жасыл аймақта».

ҚҚП вакцинаның қоры

19.08.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 41 722 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар, қолдану мерзімі 2026 жылдың наурыз айына дейін.

 

 

 

 

Аумақтар Жоспар Егілген саңы Қамтылған пайызы
Тараз қ 36 122 34 220 94,7
Байзақ а 8 885 9 277 104,4
Жамбыл а 6 702 7 072 105,5
Жуалы а 3 692 3 884 105,2
Қордай а 11 811 12 248 103,7
Мерке а 6 465 6 792 105,1
Мойынқұм а 2  074 2 093 100,9
Сарысу а 3344 3 549 106,1
Т Рысқұлов а 5 288 5 405 102,2
Талас а 3 642 3 752 103,0
Шу а 7 825 8 300 106,1
Облыс бойынша 95 850 96 592 100,8
Республика бойынша 1 500 000 1 470 603 98,0

 

Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 15 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.

Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.