Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын»
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
+7 (775) 992-40-33
Жамбыл облысы аумағындағы көкжөтел (коклюш) індеті туралы

2024 жылдың 1 қантарынаң бастап 19 тамыз айына облыста көкжөтел (коклюш) бойынша күдікті 132 жағдай тіркелді, оның ішінде 89 жағдайда диагнозы расталды (66,6%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш –7,27.

Көкжөтел індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 3861 жағдай тіркелді, оның ішінде 1794 жағдайда диагнозы расталды (46,5%), көрсеткіші – 8,9.

Көкжөтел диагнозы расталған 89 жағдайы орташа ауыр денгейде (100,0%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.

2024 жылдың 19 тамыз айына  2 науқас көкжөтел диагнозымен стационарлық ем қабылдауда, оның ішінде 0 жүкті әйел  (0 %), 2 балалар (100,0%).

Көкжөтелдің тіркелуі келесі аумақтарда байқалды

«Қызыл аймақ»: Мойынкум ауд. – 7 жағд. (24,5), Тараз қаласы – 56 жағд. (12,23).

«Сары аймақта»: Жамбыл аад. – 8 жағд. (10,33), Жуалы ауд. – 5 жағд. (9,2).

«Жасыл аймақ» 6 өңірде 1-5 жағд. аралығында: Шу ауд. – 7 жағд. (6,6), Сарысу ауд. – 1 жағд. (2,3), Меркі ауд. – 2 жағд. (2,3), Байзақ ауд. – 3 жағд. (2,9).

Қордай, Т.Рысқұлов, Талас аудандарында көкжөтел індеті тіркелген жоқ.

Жас құрамы бойынша көкжөтел індеті 100,0% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (89 жағд.), оның ішінде 30,3% – 0-6 ай жастағы балалар (27 жағд.) және 7-11 ай жастағы балалардың саңы – 20/ 22,4%, 1-3 жастағы балалардың саңы – 36/ 40,4%, 4-5 жастағы балалардың саңы – 4/4,5%, 9-14 жастағы – 2 /2,2%.

Яғни, көкжөтелмен ауырғандар, ол 6 жасқа дейінгі балалар болып тұр.

Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 94,25% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (84ж), 3,44%/3 жағд – бала бақшадағы балалар және 2/ 2,29% оқушылар. Барлығы жергілікті жағдайлар.

Көкжөтел індетімен ауырғандардың екпе статусы

Көкжөтел індетімен ауырғандардың ішіндегі 85,4 пайызы екпе алмағандар (76 жағд.). Оның ішінде, медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 29 жағдай (38,1%), екпе алу жасы келмегендер 8 жағдай (10,5%),екпеден бас тартқандар 39 жағдай (51,3%).

 

екпе статусы барлығы пайызы
Екпе туралы мәліметі жоқ 0 0
Екпеден бас тартқандар 39 44,8
Екпе алу жасы келмеген 8 9,19
Екпе туралы мәліметі жоғалған 0 0
Уақытша  медициналық қарсы көрсетілім 19 20,69
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім 10 11,49
Екпенің толық курсын алмағандар 13 14,6
Барлығы 89 100

 

          Ошақтағы алдын алу іс-шаралар

Жыл басынан бастап барлығы 4 үй ошақта 18 қарым-қатынаста болған тұлға анықталған, 14 күндік медициналық бақылауға алынды.

Көкжөтелге қарсы  иммундау жұмыстары:

2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 25 843 бала, оның ішінде:

Күл, көкжөтел, сіреспе ауруларына және гемофильдік індетіне қарсы

– АКДС-1 – НIВ-1 екпемен қамту көрсеткіші төмен – 93,9%, алғашқы екпе курсымен барлығы 21 179 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 20 877 бала.

АКДС-2 – НIВ-2 екпемен қамту көрсеткіші төмен – 92,0%, алғашқы екпе курсымен барлығы 20 626 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 20 455 бала.

– АКДС-3 – НIВ-3 екпемен қамту көрсеткіші – 96,3%, алғашқы екпе курсымен барлығы 21 658 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 21 405 бала.

– АКДС-4 екпемен қамту көрсеткіші төмен – 94,6%, алғашқы екпе курсымен барлығы 22 000 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 21 911 бала.

– АбКДС-5 екпесімен қамту көрсеткіші – 99,3%. Аталған екпемен барлығы 25843 бала, оның ішінде 6 жастағы  балалардын 24470 егілді.

(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).

Жалпы 05.01.2024ж. мерзімге облыста 1529 екпеден бас тарту жағдайлары тіркеліп отыр. Жас шамасы бойынша: 1 жасқа дейінгі балалар арасынан 739 тұлға (48,3%), 1 және 2 жасқа дейінгілер арасынан – 319 тұлға (20,8 пайыз), 3-5 жас арасынан – 359 тұлға (23,4%), 6-15 жас – 100 тұлға (6,5%), 16 жастан жоғары тұлғалар арасында 12 тұлға (0,8).

2024 жылдың 7 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы күл, көкжөтел, сіреспе ауруларына және гемофильдік індетіне қарсы

Толық екпемен қамтамассыз еткені 13 242 бала, оның ішінде:

Күл, көкжөтел, сіреспе ауруларына және гемофильдік індетіне қарсы

– АКДС-1 – НIВ-1 екпемен қамту көрсеткіші төмен – 64,9%, алғашқы екпе курсымен барлығы 14 014 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 13 684 бала.

АКДС-2 – НIВ-2 екпемен қамту көрсеткіші төмен – 63,0%, алғашқы екпе курсымен барлығы 13 535 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 13 287 бала.

– АКДС-3 – НIВ-3 екпемен қамту көрсеткіші – 63,1%, алғашқы екпе курсымен барлығы 13 687 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 13 309 бала.

– АКДС-4 екпемен қамту көрсеткіші төмен – 54,0%, алғашқы екпе курсымен барлығы 13164 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 12 955 бала.

– АбКДС-5 екпесімен қамту көрсеткіші – 52,9%. Аталған екпемен барлығы 13 242 бала, оның ішінде 6 жастағы  балалардын 12530 егілді.

(нормативті көрсеткіштер 55,3– 58,1%).

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 2 635 балалардың себебі: 173 – екпеге келісім бермегендер (6,6%), 67 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,5%), 583 – уақытша облыста жоқтары (22,1%), 1 812 – медициналық көрсетілімі бар балалар (68,7%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 153 бала

Көкжөтелге қарсы қуып жету (наверстывающая иммунизация)  иммундау жұмысы  атқарылуда, барлығы – 4 279 толық екпесі жоқ немесе егілмеген балалар екпемен қамтылды, оның ішінде:

АКбДС+ИПВ+ХИБ: жоспар – 8 116, егілгені – 2 087, орынд – 25,7%;

АКбДС+ВГВ+ИПВ+ХИБ: жоспар – 8 116, егілді – 1 869, орынд – 23,0%;

АбКДС:  жоспар 1 126, егілді – 992, орынд – 88,1%.

Екпе жұмысы 322 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 2 облыстық, 19 аумақтық семинарларда арнайы дайындалған 2 мынңан астам медициналық қызметкерлермен өткізілуде.

Жамбыл облысы аумағындағы көкжөтел індеті бойынша, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін профилактиқалық иммундау, басқа іс-шараларды жүргізу бойынша өзекті мәселелерді облыстық, аумақтық денсаулық сақтау мекемелер мен органдарының отырыстарында қаралды.

Халықтың арасында денсаулық сақтау, Атамекен, білім, дін, санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлері мен мамандары бірігіп қарқынды үгіт насихат жұмыстары ата аналармен, әсіресе екпеден бас тарткан тұлғалармен жүргізілүде,  дөңгелек стөлдер (отырыстар) мен  жиналыстар білім  мекемелерінде,  мешіттерде өткізілді, халықтың арасында  парақшалар таратылуда.

Республикалык, облыстык телеарнасында 7 телебағдармалар, брифингтер өткізілді және  сұхбат берілді, облыстағы барлық мекемелерде видеороликтер көрсетілуде, 15 ден астам мақалалар  жергілікті басылымдарда жарияланды.