– АКДС-4 екпемен қамту көрсеткіші төмен – 54,0%, алғашқы екпе
курсымен барлығы 13164 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 12 955
бала.
– АбКДС-5 екпесімен қамту көрсеткіші – 52,9%. Аталған екпемен
барлығы 13 242 бала, оның ішінде 6 жастағы балалардын 12530 егілді.
(нормативті көрсеткіштер 55,3– 58,1%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 2 635 балалардың себебі:
173 – екпеге келісім бермегендер (6,6%), 67 – көшіп кеткендер басқа аумаққа
(2,5%), 583 – уақытша облыста жоқтары (22,1%), 1 812 – медициналық
көрсетілімі бар балалар (68,7%), оның ішінде тұрақты медициналық
көрсетілімі бар 153 бала
Көкжөтелге қарсы қуып жету (наверстывающая иммунизация)
иммундау жұмысы атқарылуда, барлығы – 4 279 толық екпесі жоқ немесе
егілмеген балалар екпемен қамтылды, оның ішінде:
АКбДС+ИПВ+ХИБ: жоспар – 8 116, егілгені – 2 087, орынд – 25,7%;
АКбДС+ВГВ+ИПВ+ХИБ: жоспар – 8 116, егілді – 1 869, орынд –
23,0%;
АбКДС: жоспар 1 126, егілді – 992, орынд – 88,1%.
Екпе жұмысы 322 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе
бригадамен, 2 облыстық, 19 аумақтық семинарларда арнайы дайындалған 2
мынңан астам медициналық қызметкерлермен өткізілуде.
Жамбыл облысы аумағындағы көкжөтел індеті бойынша,
эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін профилактиқалық
иммундау, басқа іс-шараларды жүргізу бойынша өзекті мәселелерді
облыстық, аумақтық денсаулық сақтау мекемелер мен органдарының
отырыстарында қаралды.
Халықтың арасында денсаулық сақтау, Атамекен, білім, дін,
санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлері мен мамандары бірігіп
қарқынды үгіт насихат жұмыстары ата аналармен, әсіресе екпеден бас
тарткан тұлғалармен жүргізілүде, дөңгелек стөлдер (отырыстар) мен
жиналыстар білім мекемелерінде, мешіттерде өткізілді, халықтың арасында
парақшалар таратылуда.
Республикалык, облыстык телеарнасында 7 телебағдармалар,
брифингтер өткізілді және сұхбат берілді, облыстағы барлық мекемелерде
видеороликтер көрсетілуде, 15 ден астам мақалалар жергілікті
басылымдарда жарияланды.