Қазақстан Республикасында менингококк инфекциясымен (бұдан әрі – МИ) сырқаттанушылықтың көп жылдық динамикасының деректері бойынша төмендеу жылдары мен көтерілу жылдары ауысып отыратын циклдік сипатта болады.
Қазіргі уақытта республикада сырқаттанушылықтың өсуі байқалуда, 2024 жылдың 10 айында өткен жылмен салыстырғанда МИ жағдайларының тіркелуі 2,16 еседен асады. Биылғы жылы, менингококк инфекция диагнозы дәлелделген 70 жағдайы тіркеліп, көрсеткіші-0,35 болды (2023 ж – 41 жағдай, көрсеткіш – 0,2).
Өткен жылмен салыстырғанда жас құрылымын талдау кезінде аурудың анағұрлым кіші жас топтарына ауысқаны байқалады. Мәселен, егер 2023 жылы көбіне жасөспірімдер ауырса (үлес салмағы 36,6%, 15 жағ.), содан кейін 2024 жылдың 10 айында науқастардың негізгі үлесі 1-4 жас аралығындағы балалар – 25 жағ. (35,7%).
Тиісінше, кәсіби құрамы бойынша ұйымдастырылмаған балалардың үлесі басым – 40% (28 жағ.), оқушылар арасында -18,6% (13 жағ.), ұйымдасқан балалар арасында -17% (12 жағ.).
Бұл факт өлім-жітімнің жас ерекшелігімен расталады. 2024 жылдың өткен кезеңінде Қазақстан Республикасында 14 жасқа дейінгі балалар арасында (1,5 ай, 1 жыл, 2 жыл, 5 жыл, 12 жыл) өліммен аяқталған 5 жағдай тіркелді. Өлім жағдайларын талдау кезінде анықталғаны, науқастар кеш медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға ауыр түрде келіп түскен.
Жамбыл облысы бойынша МИ жағдайлары тіркелуі және сырқаттанушылықтың өсуіде байқалуда, өлім жағдайы тіркелген жоқ.
2024 жылдың 10 айында өткен жылмен салыстырғанда менингококк инфекциясының Жамбыл ауданында 1 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (2023 ж – 1 жағдай, көрсеткіш – 0,08);
ірінді менингитінің 4 жағдайы/0,33 – 14 жасқа дейінгі балалар арасында Сарысу ( 2 ж.), Жамбыл (1 ж.) , Жуалы (1 ж.) аудандарында тіркелді (2023 ж – 3 жағдай, көрсеткіш – 0,25);
сероздық менингитінің Тараз қаласында 1 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (2023 ж – 1 жағдай, көрсеткіш – 0,08).
МИ-ның асқынған жағдайларының тіркелуіне жол бермеу, сондай-ақ эпидемияға қарсы уақтылы шаралар қабылдау мақсатында облыстағы медицина мекемелерінде алдын ала іс шаралар атқарылуда,ол :
– Жедел жәрдем станциясының, амбулаториялық-емханалық қызметінің медицина қызметкерлерін, стационарлардың қабылдау бөлмесінің дәрігерлерін, анестезиолог-реаниматолог (ересектер, балалар) дәрігерлерді, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындаңы медицина қызметкерлерін МИ дифференциалды диагностикасының ерекшеліктеріне, қазіргі жағдайдағы МИ ағымына, ағымның ауырлығына оқыту жұмыстары;
– назофарингит, ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастар жүгінген кезде амбулаториялық қабылдау кезінде медицина қызметкерлерінің сақтығын күшейтуі;
– тұрғындармен, жас аналармен МИ-на қатысты сақтық шаралары туралы, жедел медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуі;
– менингококк инфекциясына күдікті науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша ЖМКҚ бригадаларын дәрілік препараттармен жарақтандыруды қамтамасыз етуі;
– менингококк инфекциясына күдікті пациенттерді зертханалық тексеруі.
Менингит – бұл жұқпалы ауру, ми мен жұлын қабығының қабынуы.
Менингиттің негізгі түрлері: серозды және іріңді. Олар аурудың ауырлығы мен салдары бойынша өте ерекшеленеді.
Аурудың инкубациялық кезеңі 2-ден 10 күнге дейін.
Менингиттің қоздырғыштары вирустық, бактериялық және саңырауқұлақ инфекциялары болып табылады.
Белгілері: Менингит белгілері тез дамиды және оларды анықтау оңай: температураның 40 градусқа дейін көтерілуі, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, жалпы әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы мен қатты құсу пайда болады («субұрқақ тәрізді»). Науқас қатты дыбыстардан және жарқын жарықтан зардап шегеді, басын кеудеге қарай еңкейтіп, аяқтарын тізеден жазған кезде қатты ауырсынуды сезінеді. Өз жағдайын жеңілдету үшін науқас бүйіріне жатып, басын қатты артқа шалқайтып, қолдарын кеудесіне қысады, ал аяқтарын тізесіне бүгіп, ішіне қарай қысады. Көбінесе денеде бөртпе пайда болады. Суық тию сияқты мұрын бітуі және тамақ ауруы, өкпенің қабынуы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, сілекей бездерінің жұмысы бұзылуы болуы мүмкін.
Балалардағы менингит белгілері ересек адаммен бірдей, бірақ қосымша белгілер болуы мүмкін: диарея және тамақты қайта құсу, ұйқышылдық, апатия және әлсіздік, үнемі жылау және тәбеттің төмендеуі, үлкен еңбек аймағындағы ісік.
Уақытылы көмек көрсетілмесе, адам комаға түсіп, өлуі мүмкін. Сондықтан, науқасқа медициналық көмекке шұғыл түрде жүгіну қажет! Науқас инфекциялық ауруханаға оқшаланып жеке бокскқа жатқызылады
Менингиттің алдын алу шаралары:
Екпе алу; жеке гигиенаны сақтау; менингитпен ауыратын адамдармен қарым-қатынасты болдырмау; тұмау эпидемиясы және басқа жұқпалы аурулар кезінде бір реттік медициналық маска кию; тамақ ішер алдында, көлік пен қоғамдық орындардан кейін қолыңызды жуу; шикі су ішпеу; иммунитетті нығайту.