Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения
Жамбылская областная инфекционная больница
управления здравоохранения акимата Жамбылской области"
+7 (775) 992-40-33
Жамбыл облысы аумағындағы қызылша індеті туралы

2023 жылы мен 2024 жылғы 02 мамыр айына  облыста қызылша бойынша күдікті 7498 жағдай тіркелді, оның ішінде 4702 жағдайда диагнозы расталды (62,7%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 386,6.

Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 108 907 жағдай тіркелді, оның ішінде 53 261 жағдайда диагнозы расталды (48,9%), көрсеткіші – 265,9.

Қызылша диагнозы расталған 4702 жағдайдың ішінде, 379-сі — қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен  ауыр деңгейінде (8,1%), орташа денгейдегі — 3029 (64,4%), 1294 жеңіл денгейдегі (27,5%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.

2024 жылдың 02 мамыр айына 7 науқас стационарлық ем қабылдауда, оның ішінде 0 жүкті әйел  (0%), 7 балалар (100,0%).

Балалардың ішінен, ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді. Амбулаториялық  емді 2 науқас қабылдауда.

Жалпы төсек жүктемесі –2,1% (325 төсектің ішінен 7 төсек бос ес,318- бос), балалар төсек жүктемесі –2,7% (260 төсектің 7 төсек бос емес, 253 төсек бос).

Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.

1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақ»: Тараз қ. – 2799 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 627,6).

Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аумақта »:   Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2),  Меркі ауд. – 268 жағд. (302,9)

«Жасыл аумақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 177 жағд. (229,0), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5),  Жуалы ауд. — 83/152,2,    Талас ауд. — 77/157,4,  Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. — 12/41,9.

Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша 1 жағд өсті  (4 жағ/ 0,33 және 5 жағ/0,41), оның ішінде:Тараз қаласы  бойынша  — 2 жағд өсті   (3 жағ/0,67 және 5 жағ/ 1,12)

Байзақ ауданы бойынша- бір деңгейде  (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Жамбыл ауданы бойынша – бір деңгейде  (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Жуалы ауданы бойынша – бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Қордай ауданы бойынша– бір деңгейде   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Т Рысқұлов ауданы бойынша— бір деңгейде (0жағ/0 және 0 жағ/0)

Меркі ауданы бойынша – 1 жағд төмендеді   (1 жағ/1,13 және 0 жағ/0)

Мойынқұм ауданы бойынша0 жағд  (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Сарысу ауданы бойынша— бір деңгейде   (0 жағ/ 4,53 және 0 жағ/0)

Талас ауданы бойынша— бір деңгейде  (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Шу ауданы бойынша— бір деңгейде   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Жас құрамы бойынша қызылша індеті 82,8% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3895 ж), оның ішінде 22,5% – 1 жасқа дейінгі балалар (876ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы-2266/ 58,2%;  15-17 жаста – 2,1% (96ж.), 18 жастан жоғары – 15,1% (711ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.

Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,1% — ұйымдастырылмаған балалар арасында (2403ж), 20,0% — мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (942ж), 13,3% — оқушылар (627ж) және жұмыссыздар 8,0% (376ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы — 29 (0,6%).

Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы

Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,4 пайызы екпе алмағандар (4064 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1291 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 983 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 845 жағдай (20,8%).   

 

екпе статусы барлығы пайызы
Екпе туралы мәліметі жоқ 713 15,2
Екпеден бас тартқандар 1291 27,5
Екпе алу жасы келмеген 845 18,0
Екпе туралы мәліметі жоғалған 232 4,9
Уақытша  медициналық қарсы көрсетілім 912 19,4
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім 71 1,5
Екпенің толық курсын алмағандар 638 13,6
Барлығы 4702 100

 

          Ошақтағы алдын алу іс-шаралар

Жыл басынан бастап барлығы 44477 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 693 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %) .

Бүгінгі күнге 100  науқаспен  қарым қатынаста болған тұлғалар, 1 орта мектеп, 3 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында

Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым қатынаста болған 4175 тұлға екпемен қамтылды .

Қызылшаға қарсы  иммундау жұмысы

2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:

— барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар — 23159 бала)

— барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды — ревакцинацияланды (98,7%,  жоспар — 24635 бала).

(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 — екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 — көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 — уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала

2024 жылдың 3 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 7002 бала, оның ішінде:

— барлығы қызылша-1 екпені алғаны 5071 бала, оның ішінде 1 жастағы 4994 бала 1-ші вакцинациясын алды (20,4%), көрсеткіш төмен

— барлығы қызылша-2 екпені алғаны 5192 бала, оның ішінде 6 жастағы 5080 бала 2-ші екпесін алды — ревакцинацияланды (21,6%), көрсеткіш төмен.

(3 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 23,724,4%).

Епенің төмен көрсеткіштерінің ең бір себебіқызылшаға қарсы қосымша екпе алған 6-11 ай аралығындағы және 6 жасқа дейіндегі балалардың ата аналары жоспарлы екпесің алуға уақытша бас тартуда.

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 790 балалардың себебі, ол 95 — екпеге келісім бермегендер (12,0%), 7 — көшіп кеткендер басқа аумаққа (0,9%), 150 — уақытша облыста жоқтары (19,0%), 538 – медициналық көрсетілімі бар балалар (68,1%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 0 бала

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.

Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап,  мамырдың 02-ші  күніне  жалпы қамтылғаны – 94 476 тұлға / жоспар – 95 850 /98,6% 

(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері:   жоспар — 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 431 939 , қамтылған пайызы- 95,5%).

Оның ішінде:

— 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 8 992 бала (96,7%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);

— 2-3-4 жастағы 56 888 бала (91,1%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);

— 5 876 медицина қызметкерлер (104,2%, жоспар – 5 640 қамтылады);

— 22 720 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (122,7%, жоспар – 18 520)

Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:

—  Тараз қаласы (92,2%) бойынша  орындау пайызы, «қызыл аумақта»;         —   қалған 10 аумақтар — «жасыл аумақта».

ҚҚП вакцинаның қоры

02.05.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 29 716 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар.

 

 

Аймақтар Жоспар Егілген саңы Қамтылған пайызы
Тараз қ 36122 33 305 92,2
Байзақ а 8885 9060 102,0
Жамбыл а 6702 6888 102,8
Жуалы а 3692 3 816 103,4
Қордай а 11811 12 058 102,1
Мерке а 6465 6 604 102,2
Мойынқұм а 2074 2078 100,2
Сарысу а 3344 3 459 103,4
Т Рысқұлов а 5288 5 360 101,4
Талас а 3642 3 713 101,9
Шу а 7825 8135 104,0
Облыс бойынша 95850 94 476 98,6
Республика бойынша 1 500 000 1 431 939 95,5

Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 15 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.

Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.