2023 жылы мен 2024 жылғы 04 мамыр айына облыста қызылша бойынша күдікті 7510 жағдай тіркелді, оның ішінде 4707 жағдайда диагнозы расталды (62,7%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 387,0.
Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 108 907 жағдай тіркелді, оның ішінде 53 261 жағдайда диагнозы расталды (48,9%), көрсеткіші – 265,9.
Қызылша диагнозы расталған 4707 жағдайдың ішінде, 379-сі — қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен ауыр деңгейінде (8,05%), орташа денгейдегі — 3034 (64,45%), 1294 жеңіл денгейдегі (27,5%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.
2024 жылдың 04 мамыр айына 7 науқас стационарлық ем қабылдауда, оның ішінде 0 жүкті әйел (0%), 7 балалар (100,0%).
Балалардың ішінен, ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді. Амбулаториялық емді 1 науқас қабылдауда.
Жалпы төсек жүктемесі –2,1% (325 төсектің ішінен 7 төсек бос ес,318- бос), балалар төсек жүктемесі –2,7% (260 төсектің 7 төсек бос емес, 253 төсек бос).
Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.
1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақ»: Тараз қ. – 2803 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 628.5).
Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аумақта »: Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2), Меркі ауд. – 268 жағд. (302,9)
«Жасыл аумақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 178 жағд. (230,3), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5), Жуалы ауд. — 83/152,2, Талас ауд. — 77/157,4, Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. — 12/41,9.
Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша 4 жағд өсті (4 жағ/ 0,33 және 8 жағ/0,66), оның ішінде:Тараз қаласы бойынша — 4 жағд өсті (3 жағ/0,67 және 7 жағ/ 1,57)
Байзақ ауданы бойынша- бір деңгейде (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Жамбыл ауданы бойынша – 1 жағд өсті (0 жағ/0 және 1 жағ/1.29)
Жуалы ауданы бойынша – бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Қордай ауданы бойынша– бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Т Рысқұлов ауданы бойынша— бір деңгейде (0жағ/0 және 0 жағ/0)
Меркі ауданы бойынша – 1 жағд төмендеді (1 жағ/1,13 және 0 жағ/0)
Мойынқұм ауданы бойынша –0 жағд (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)
Сарысу ауданы бойынша— бір деңгейде (0 жағ/ 4,53 және 0 жағ/0)
Талас ауданы бойынша— бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Шу ауданы бойынша— бір деңгейде (0 жағ/0 және 0 жағ/0)
Жас құрамы бойынша қызылша індеті 82,8% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3900 ж), оның ішінде 22,5% – 1 жасқа дейінгі балалар (877ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы-2268/ 58,2%; 15-17 жаста – 2,1% (96ж.), 18 жастан жоғары – 15,1% (711ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.
Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,1% — ұйымдастырылмаған балалар арасында (2405ж), 20,1% — мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (944ж), 13,3% — оқушылар (628ж) және жұмыссыздар 8,0% (376ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы — 29 (0,6%).
Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы
Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,4 пайызы екпе алмағандар (4068 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1293 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 984 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 846 жағдай (20,8%).
екпе статусы | барлығы | пайызы |
Екпе туралы мәліметі жоқ | 713 | 15,1 |
Екпеден бас тартқандар | 1293 | 27,5 |
Екпе алу жасы келмеген | 846 | 18,0 |
Екпе туралы мәліметі жоғалған | 232 | 4,9 |
Уақытша медициналық қарсы көрсетілім | 913 | 19,4 |
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім | 71 | 1,5 |
Екпенің толық курсын алмағандар | 639 | 13,6 |
Барлығы | 4707 | 100 |
Ошақтағы алдын алу іс-шаралар
Жыл басынан бастап барлығы 44477 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 693 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %) .
Бүгінгі күнге 115 науқаспен қарым қатынаста болған тұлғалар, 1 орта мектеп, 2 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым қатынаста болған 4175 тұлға екпемен қамтылды .
Қызылшаға қарсы иммундау жұмысы
2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:
— барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар — 23159 бала)
— барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды — ревакцинацияланды (98,7%, жоспар — 24635 бала).
(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 — екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 — көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 — уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала
2024 жылдың 3 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 7002 бала, оның ішінде:
— барлығы қызылша-1 екпені алғаны 5071 бала, оның ішінде 1 жастағы 4994 бала 1-ші вакцинациясын алды (20,4%), көрсеткіш төмен
— барлығы қызылша-2 екпені алғаны 5192 бала, оның ішінде 6 жастағы 5080 бала 2-ші екпесін алды — ревакцинацияланды (21,6%), көрсеткіш төмен.
(3 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 23,7— 24,4%).
Епенің төмен көрсеткіштерінің ең бір себебі— қызылшаға қарсы қосымша екпе алған 6-11 ай аралығындағы және 6 жасқа дейіндегі балалардың ата аналары жоспарлы екпесің алуға уақытша бас тартуда.
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 790 балалардың себебі, ол 95 — екпеге келісім бермегендер (12,0%), 7 — көшіп кеткендер басқа аумаққа (0,9%), 150 — уақытша облыста жоқтары (19,0%), 538 – медициналық көрсетілімі бар балалар (68,1%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 0 бала
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.
Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап, мамырдың 04-ші күніне жалпы қамтылғаны – 94 498 тұлға / жоспар – 95 850 /98,6%
(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері: жоспар — 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 431 939 , қамтылған пайызы- 95,5%).
Оның ішінде:
— 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 8 993 бала (96,7%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);
— 2-3-4 жастағы 56 890 бала (91,2%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);
— 5 876 медицина қызметкерлер (104,2%, жоспар – 5 640 қамтылады);
— 22 739 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (122,8, жоспар – 18 520)
Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:
— Тараз қаласы (92,2%) бойынша орындау пайызы, «қызыл аумақта»; — қалған 10 аумақтар — «жасыл аумақта».
ҚҚП вакцинаның қоры
04.05.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 29 501 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар.
Аймақтар | Жоспар | Егілген саңы | Қамтылған пайызы |
Тараз қ | 36122 | 33 313 | 92,2 |
Байзақ а | 8885 | 9061 | 102,0 |
Жамбыл а | 6702 | 6892 | 102,8 |
Жуалы а | 3692 | 3 816 | 103,4 |
Қордай а | 11811 | 12 059 | 102,1 |
Мерке а | 6465 | 6 606 | 102,2 |
Мойынқұм а | 2074 | 2078 | 100,2 |
Сарысу а | 3344 | 3 459 | 103,4 |
Т Рысқұлов а | 5288 | 5 360 | 101,4 |
Талас а | 3642 | 3 713 | 101,9 |
Шу а | 7825 | 8141 | 104,0 |
Облыс бойынша | 95850 | 94 498 | 98,6 |
Республика бойынша | 1 500 000 | 1 431 939 | 95,5 |
Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 15 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.
Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.